Отырарда туристер көп барады

Oinet.kz 03-06-2020 672

image.png

Туризм саласын дамыту  Түркістан облысыныңда күн тәртібінде тұрған негізгі мәселенің бірі. Бүгінде өңірде Түркістан – Отырар бағытында тарихи-мәдени, «Сарыағаш» курорты аумағында емдік-сауықтыру, Түлкібас, Төлеби аудандарында экологиялық туризм түрлері қарқынды дамып келеді.

Отырар ауданы – туризм саласын дамытуға ең қолайлы аймақтардың бірі. Осыған орай өткен жылы Қоғам ауылдық округіндегі «Арыстанбаб» кесенесінің аумағын және «Отырар төбе» қалашығына кіре беріс қақпа маңын абаттандыру жұмыстары аяқталды. Ауданға келушілердің қатары биылғы жылы артада деп жоспарланып отыр. Әсіресе, ішкі туризмді дамыту бағытында да көптеген жобалар жасалған.

Аудандағы тағы бір оңды іс – 2019 жылы облыстық бюджеттен (құны 295,7 млн. теңгеге) Шәуілдір ауылындағы үш қабатты 24 пәтерлік қызметтік және аудандық бюджеттен (190,8 млн. теңгеге) Мыңшұқыр елді мекеніндегі екі қабатты 12 пәтерлік 2 тұрғын үйдің құрылысы салынып, пайдалануға берілді.

Жалпы облыста 168 қонақүй, 51 шипажай, 60 демалыс базасы қызмет көрсетеді. Экологиялық, тарихи-танымдық туризм бағытында 57 туристік маршрут әзірленген. Биыл 20 орналастыру орнын ашу жоспарлануда. Олардың қатарында 8 қонақүй жаңадан іске қосылса, 7 қонақүй қайта жөндеуден өткізіледі. 5 емдік-сауықтыру орны ашылады.

Ішкі туризм дамып келеді
Түлкібастық шаруа «агробизнес» бағдарламасымен кәсібін өркендетті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу