"Еңбек" бағдарламасы аясында мақтаралда 9579 адам белсенді жұмыспен қамту шараларымен қам

Oinet.kz 03-06-2020 576

image.png

Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыруға арналған "Еңбек"  бағдарламасы аясында Мақтаарал ауданының 9579 тұрғыны белсенді жұмыспен қамту шараларымен  қамтылады.  Оның ішінде 70 адамға шағын несие беру, 590 мемлекеттік грант беруді ұйымдастыру мен 3710 жаңа жұмыс орнын құру жоспарлануда.

 Бұған қоса ауыл әйелдеріне бизнес-кейс (бал өсіру, құс өсіру, өсімдік шаруашылығы, жылыжай, саңырауқұлақ өсіру және т.б.), ақпараттық материалдарды ұсынумен блиц-тренингтер өткізіледі. Ал,  жұмыспен қамту жол картасы аясында 18 инфрақұрылымдық жоба бойынша 130 жұмыс орны құрылады.  Су басқан елді мекен тұрғындарына үй салу жұмыстарына да жергілікті азаматтар тартылуда.  Қазіргі уақытта 32 мердігер 1300-ден астам жұмыс орнын ашып, оған жұмыссыз қалған жергілікті азаматтар жұмылдырылуда.  Жұмыспен қамтудың мобильді орталықтары құрылып,  құрылыс жұмыстарына үміткерлердің тізімін жасақтауға кіріскен.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекпен қатар, 1-6 жас аралығындағы балаларға кепілдендірілген әлеуметтік пакет беру және азаматтардың жекелеген санаттарына 5567 теңге мөлшерінде азық-түлік жиынтығын сатып алу үшін өтемақы төлеу жалғасуда.Оған қоса  су тасқыны зардаптарын жою және тұрғын үйді қалпына келтіру кезінде әлеуметтік көмек көрсетудің қосымша шаралары қарастырылған. 

Түркістан облысындағы «бадам» индустриалды аймағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында
Көкөністері белоруссияға сатылуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу