Жаңа мешіт 5 мыңнан астам жамағатты қабылдай алады

Oinet.kz 15-06-2020 697

image.png

Былтыр іргетасы қаланған еңселі мешіт – көрші Өзбекстан мемлекетінің Түркістанға тартуы. Облыс басшысы Өмірзақ Шөкеев қалаға кіреберісте бой көтерген әлемдегі озық тәжірибелерді ұштастырған мешіт құрылысының басында болды. Сәулеті ерекше Ислам орталығының ішкі және сыртқы безендірілуі шығыстық нақышта жүргізілмек. Бірегей жобаға Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев қолдау көрсетіп отыр.

Түркі әлемінің рухани темірқазығы, қасиетті Түркістан қаласында салынып жатқан ауқымы 5 мың шаршы метрді алатын жаңа ғибадат орнында 5 мыңнан астам жамағат бір мезгілде сәждеге бас тигізіп, құлшылық ете алады. Сыртқы аумағы 3 мың адамға арналған. Мешіт құрылысы заман талабына сай озық үлгіде жүргізілуде. Мешітте мұсылмандық жораларды жасайтын орындар, конгресс-холл, неке сарайы, 180 орындық медресе, кітапхана, асхана, спорттық алаңдар, 500 орындық автотұрақ пен ғажайып субұрқақтар салынады.

Түркістан қаласында бой көтерген бірнеше нысандардың құрылысы аяқталуға жақын. Ішкі әрлеу, инженерлік желілерін монтаждау және сыртқы абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс екі ауысымда жүріп жатыр.

Рухани-мәдени орталықта түрік инвесторлары мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында салып жатқан көне сәулет өнерінің көзі – «Керуен сарай» туристік кешенінің құрылысы алдағы күзде аяқталады. Әлемде теңдесі жоқ аспан астында қалқыған театр, жергілікті қолөнер шеберлерінің ашық базарлары, ерекше сәулетті су бұрқақтар мен сан түрлі ұлт өкілдерінің дәмханалары мен демалыс орындары халық көңілінен шығары анық.

Азық-түлік белдеуін қалыптастыру аясында бірқатар жобалар жүзеге асуда
Грант алып, кәсіп бастады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу