Оңтүстіктің диқандары тропикалық жеміс өсіруді қолға алды

Oinet.kz 24-07-2020 623

Screenshot_10.png

Түркістан облысы  Ордабасы ауданы Қажымұқан ауыл округінде орналасқан «Елнұр-Айдар» өндіріс кооперативі 2017 жылдан бері тропикалық жемістер мен алма бауын өсірумен айналысып келеді. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі  хабарлады. 

 Қазіргі таңда 1 гектарға анар, 3 га жерге алма, 0,5 гектарға лимон еккен. Қожалықтың іс жүргізушісі Сейдазимоа Елнұр бүгінгі таңда 1000 түп анар, 6000 түп алма, 707 көшет лимонды өсіріп отыр. Лимонның өзінен биыл 20 тонна өнім алуды жоспарлауда.

 Былтыр 1 жылдық көшеттің өзінен 4 тоннаға жуық өнім алған. Кооперативте 7 адам тұрақты жұмыспен қамтылып отыр.

Сонымен қатар, ауданда қарқынды бау көлемі артып келеді.

 Қазіргі таңда аймақта қарқынды бау көлемі 400 гектарға жуықтаған. Қажымұқан ауыл округіндегі «KazGarden» ЖШС-і жалпы құны 2 млрд теңгеге 240 гектарға бау егуді қолға алған.

 Бүгінде 60 гектарға еккен, оның 11 гектары қарқынды алма бауы, 49 гектары сүйекті жеміс-жидек. Онда 4 адам тұрақты, 55 адам маусымдық жұмыспен қамтылып отыр.

 Ордабасы ауданы негізінен аграрлы өңір. Егін және мал шаруашылығы дамыған. Бөржар ауылындағы «Сабыр» шаруа қожалығы ірі қара мал мен асыл тұқымды қой өсірумен айналысады.

 2005 жылы құрылған қожалықта қазіргі таңда 8383 бас уақ мал бар, оның таза тұқымдысы 4640 бас. Онда 22 жергілікті тұрғын жұмыс істейді. Қожалық иесі Талғат Жанысбаев шаруашылығын сүт және ет бағытында дамытып отыр.


Ордабасыда 100 адамдық провизорлық орталық дайындалуда
Қазығұрттық шаруалар нольдік технологияны қолданады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу