Несие бәріне қолжетімді болады

Oinet.kz 11-03-2021 533


037.jpg

Отандық кәсіпкерлік жаңа экономикалық бағыттың қозғаушы күші болып табылады. «Қазақстан 2050» стратегиясында межеленген жоспар бойынша шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі 2030 жылға қарай, ең аз дегенде, екі есе өсуге тиіс.

- Біз адамға ол үшін мемлекет барлық проблемаларын шешіп беруін күтпей, өзін бизнесте сынап көруге, елде жасалып жатқан экономикалық өзгерістерге толыққанды қатысушыға айналуына жағдай туғызуымыз керек,-делінген аталған маңызды құжатта. 

Түркістан облысында көктемгі егін егу жұмыстарына бөлінетін пайыздық мөлшерлемесі төмен несиеге кез-келген шаруа қол жеткізе алады. Жеңілдетілген несиені «Оңтүстік» АИО және «Ырыс» МҚҰ арқылы алуға болады. Түркістан облысындағы диқандардың қаржыны дер кезінде алып, тиімді пайдалануларын қамтамасыз ету мақсатында Қазығұрт, Төлеби, Сарыағаш, Келес, Түлкібас, Сайрам аудандарындағы кәсіпкерлермен кездесулер ұйымдастырылған. Тиісті мамандар жергілікті халыққа 5 пайыздық несиені қалай алуға болатындығы жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

«Көктемгі дала жұмыстарын несиелендіру , қаржыландыру талапқа сай іске асырылады. Тапсырылған құжаттар ешқандай комиссиялық шығындарсыз, мүмкіндігінше ең қысқа мерзімде қаралады. Несие алушы негізгі қарызды және несие бойынша пайыздарды мерзім соңында өтейді»,- деді арнайы жиында «Оңтүстік» Аймақтық инвестициялық орталығының басқарма төрағасы Мұхтар Әлімханұлы.

Егін егу, жиын-терім жұмыстарына бөлінетін қаражат - жеке тұлғалар, шаруа қожалықтары, жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғаларға басым бағытқа ие барлық дақыл түрлері үшін беріледі. Несиені барлығы бірдей ала алады. Бастысы, кредиттік тарихында олқылығы жоқ және бизнес-жоспары болуы шарт. 



Дәрігерлер шетелде біліктілігін арттырады
Түлкібаста мал бордақылау алаңдары көбейіп келеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу