Қазығұртта шағын бизнес қарқынды дамып келеді

Oinet.kz 12-03-2021 568


006.jpg

«Қазақстан 2050» стратегиясына сәйкес елімізде шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі 2030 жылға қарай, ең аз дегенде, екі есе өсуге тиіс. Біріншіден, біз адамға ол үшін мемлекет барлық проблемаларын шешіп беруін күтпей, өзін бизнесте сынап көруге, елде жасалып жатқан экономикалық өзгерістерге толыққанды қатысушыға айналуына жағдай туғызуымыз керек. Сонымен бірге іскерлік мәдениетінің деңгейін көтеру мен кәсіпкерлік бастаманы ынталандырудың маңызы үлкен.  

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, Қазығұрт ауданында шағын және орта бизнес саласы қарқынды дамып келеді. Биыл жалпы 65 шағын жобаны іске асыру жоспарлануда. Бұл 300-ге тарта жергілікті халықтың жаңа жұмыс орындарымен қамтылуына мүмкіндік береді. Ал, 2020 жылдың қорытындысымен аудан бойынша 240 жаңа жұмыс орнын құрайтын 62 жоба жүзеге асырылған болатын. Осылайша ауданда шағын және орта бизнес 9 166-дан асқан. 

Ауданда шағын және орта кәсіпкерлік саласын дамыту мақсатында қаржы ұйымдары арқылы өткен жылы 4 635 тұлғаға 4 млрд 554,3 млн. теңге несие берілген. Негізгі басым бағыттар – ауыл шаруашылық саласы бойынша. Сондай-ақ, «Қарапайым заттар экономикасы» жеңілдетілген несиелендіру бағдарламасы арқылы жалпы құны 861,2 млн. теңгелік 34 жоба ұсынылып, оның ішінде 22 жоба 565,2 млн. теңгеге қаржыландырылған. Қалған жобалардың құжаттары рәсімделуде.

Кәсіпкерлікке бет бұрған азаматтар карантинге байланысты «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы» аясында «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының Қазығұрт аудандық филиалы арқылы онлайн негізде дәріс алған. «Бастау бизнес» жобасымен 273 тұрғынға қайтарымсыз 555 600 теңге грант берілген. 


«Кәсіпкерлік негіздеріне» онлайн оқытылды
Негізгі жоспар - несие алуға ынталандыру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу