«Тұран» «Түркістан аренада» жаттығуын бастады

Oinet.kz 12-03-2021 656

014.jpeg


Өткен жылы бірінші лигада күміс жүлдегер атанған "Арыс" командасы Премьер-лигаға жолдама алды. Ендігі жерде команданың атауы өзгеріп, Түркістан облысының «Тұран» кәсіби футбол клубы болып құрылды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің бастамасымен жасақталған бұл команда биылғы футбол маусымына жан-жақты дайындалуда. Естеріңізге сала кетсек команда Түркия елінде бір айға жуық оқу-жаттығу жиындарын өткізіп, туған елге оралды. Қазіргі таңда өз алаңы «Түркістан Аренада» кезекті жаттығуларын бастап кетті.

Бас бапкер Абдухалық Бурибаевтың шəкірттері наурыздың 13-ші өтетін, футболдан OLIMPBET-Қазақстан чемпионатының алғашқы турын өз алаңында елордалық «Астана» командасына қарсы өткізеді. Яғни, «Түркістан Аренада» алғаш рет футболдан Премьер лига ойындарының шымылдығы түрілмек. Жаңа стадион тұрандықтар үшін, Ел чемпионатында жоғарғы орындардан көріну үшін жігіттерге жігер берері сөзсіз.

Жалпы «Түркістан Арена» Түркістан қаласының көркін ашқан бірегей нысандардың бірі саналады. Былтыр пайдалануға берілген стадион 7 мың көрерменге арналған.  Алып кешенде спорттың әр бағыты бойынша жеке-жеке залы бар. «Самрұқ Қазына» ҰӘҚ АҚ Түркістанға тарту еткен стадионның негізі футбол алаңынан, жеңіл атлетикаға арналған жабық аренадан тұрады. Акробатика, бокс, ауыр атлетика, спорттық гимнастика және йога залдары толық талаптарға сай жасақталған.


Жеке бизнесін бастауға грант беріледі
Түркістаннан Ыстамбұлға тікелей әуе рейсі ашылады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу