Түркістан: туристердің саны 5 миллионға жетеді

Oinet.kz 12-03-2021 701


020.jpg

Түркістанды туризм саласын дамыту – Мемлекет басшысы алға қойған негізгі міндеттердің бірі. Қазіргі уақытта қаладағы туристік ағын 1,5 миллион адамды құрайды, таяу жылдары өңірге келген саяхатшылар қатары 5 миллионға жетеді деп күтілуде. Туристік инфрақұрылымды жетілдіру үшін өткен жылы 11,7 миллиард теңге сомасына 321 жұмыс орнын құрумен 12 жоба іске асырылды.

Ең ірі жобалар – Rixos Turkistan және Hampton by Hilton қонақ үйлері. Сонымен қатар, ағымдағы жылы 120 млрд. теңгенің 1 мыңнан астам жұмыс орындарын құруға бағытталған 20 жобаны іске қосу күтілуде. Олардың қатарында өңірдің ең ірі жобаларының бірі – «Керуен Сарай» көпфункционалды туристік кешені бар. Сондай-ақ, алдағы екі жылда «Қасқасу» туристік-рекреациялық орталығын салу жоспарлануда.

-Екі жылда  Түркістан қаласының негізі қаланды, деп айтуға болады. Халықаралық деңгейдегі қалаға айналып келеді. Қаланы әрі қарай дамытуға бар күш-жігерімізді саламыз,-деді жуырда халыққа берген есебінде Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев. 

Қалада салынып жатқан ірі туристік нысандардың бірі ретінде Түркістан қаласының тарихи орталығының аумағында жеке инвестициялар есебінен республикада теңдесі жоқ көпфункционалды «Керуен Сарай» туристік кешенін айтуға болады. Инвестиция көлемі – 88 млрд.теңге. Шығыс үлгісінде салынған бірегей кешенде қолөнершілері бар жабық базарлар, шығыс базары, сауда орталықтары, гандола қайықтарының жүзуіне арналған су арналары, ойын-сауық орталығы, сондай-ақ халықаралық деңгейдегі қонақ үйлер жұмыс істейтін болады.


Инвестицияның негізгі үлесі туризмде
«Болашақпен» білім алғысы келетіндер көп
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу