FlyArystan Түркістан-Ташкент рейсін ашады

Oinet.kz 03-06-2021 1146

3.jpg

FlyArystan бағдарлар желісінде жаңа халықаралық рейс пайда болды. 21 маусымнан бастап Airbus A320 ұшағы Түркістаннан көрші Ташкентке өз сапарын бастайды. Қазақстанның рухани астанасынан көрші ел астанасына бір бағыттағы билет құны 9999 теңгеден басталады. Дүйсенбі және бейсенбі күндеріне тұрақты рейстерге билеттер FlyArystan мобильді қосымшасы немесе flyarystan.com ресми сайтында қолжетімді. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады. 

Көршілес мемелекет астанасына тек оңтүстік өңірлердің тұрғындары емес, сонымен қатар FlyArystan ұсынатын аялдамалы рейстер арқылы Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының тұрғындары Ташкентке қолжетімді әрі жайлы саяхаттай алады.

 «Орта Азия бойынша туристік сапарды Түркістаннан бастау - тамаша ой. Қожа Ахмет Яссауидің, Арыстан Бабтың қасиетті жерлерін аралап, «Керуен Сарай» жаңа кешеніндегі көшелерімен серуендеп, түрлі шоулардан әсер ала отырып, сіз өзіңіздің шығыс сапарыңызды «Өзбекстан қақпасы» арқылы Ташкент қаласына жалғастырып, дәмді палау, самса және жергілікті жаңа піскен жемістердің дәмін тата аласыз. Біз Түркістанда өз үлесімізді біртіндеп арттырып жатырмыз, қазір одан да үлкен бағыттарға - Ыстамбұлға, Бішкекке (31 мамырдан бастап), Алматыға және Нұр-Сұлтанға төмен бағамен ұшу жоспарлануда», - деді FlyArystan компаниясының коммерциялық директоры Жанар Жайлауова.


Сексеуіл – құмды-шөлдің қорғаны
«Кең дала» егін жинау науқанын қаржыландырады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу