Баланың бүгінгі қуанышы - болашаққа құйылған инвестиция

Oinet.kz 13-09-2021 962

Screenshot_6.jpg

Бұл дүниенің ең басты мәні - баланың қуанышы. Бала қуанып күлсе бүкіл әлем онымен қосыла күледі. Бала жыласа бүкіл әлем жылайды. Кішкентайында махаббатқа бөленіп өскен бала кейін айналасына өз махаббатын төгетін болады. Әлемді мейірім өз құшағына алады. Сондықтан да баланың қуанышы - болашаққа құйылған инвестиция десек артық айтқандық емес. 

Осы орайда Бәйдібек аудандық “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен “Тау шыңы” демалыс аймағында көп балалы және жас отбасылармен кездесу өтіп, тұрлі тақырыпта іс-шаралар өтті. Атап айтқанда “Бақыт бұл …” , “Менің отбасым тақырыбында асфальтта балалар суреттерінің байқауы өтті. “Отбасы шабыт көзі” атты кітап көрмесі және отбасыларға немесе туғандарға тиесілі және ұрпақтан ұрпаққа мұра ретінде берілетін құжаттардың, заттардың “Баға жетпес жәдігерлер” атты көрмелер ұйымдастырылды. 

Кездесу барысында “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің басшысы Асқар Кенехан  шараға қатысушыларға алғыс хаттар табыс етіп, бүлдіршіндерге тәтті сыйлықтар таратты. Балалардың қуанышында шек болмады. Олар осындай іс-шара ұйымдастырып, сыйлық берген үлкендерге рахметтерін айтты. Және де ауданның бірқатар ауылдық округінен қатысқан отбасылар орталық басшысы мен қызметкерлеріне алғыстарын білдірді.

Жасөспірімдерге түсіндірме жұмыстары жүргізілді
Халық санағын дұрыс өткізу басты мақсат
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу