Аудан әкімі қола жүлдегерді қабылдады

Oinet.kz 10-09-2021 745

Screenshot_8.jpg

Мемлекет абыройын әлем алдында асқақтатуда спортшылардың алар орны ерекше. Спортшылар жарыста жеңіске жетіп, өз елдерінің байрағын желбіретіп, бүкіл халықтың абыройын асқақтатады. Кеуделеріне мақтаныш, тоқмейілсу сезімін сыйлайды. Спортшысына қарап мемлекетін танимыз. Мысалы Пеле десе көз алдымызға Бразилия, Марадона десе Аргентина мемлекеті келеді. Сондықтан да спортшыларға жағдай жасап, оларға қолдау көрсету өте маңызды. Елінен демеу көрген спортшы еліне жеңіс сыйлағысы келеді. Дүбірлі додада халқының сеніміне селкеу түсіріп, бетін жерге қаратпау үшін барын салады. 

Осы орайда бүгін аудан әкімі Ержігіт Шәріпбеков белбеу күресінен Ресей федерациясының Қазан қаласында өткен  әлем чемпионатында  ІІІ орынды иеленіп, қола жүлдегер атанған бәйдібектік Сағынбек Дархан Мықтыбекұлы мен жаттықтырушысы Нұржан Қуанышбековті қабылдады. 

Аудан әкімі спортшы болу өте қиын екенін, жарыста жүлделі орыннан көріну үлкен ерік-жігерді қажет ететінін айтты. Спортшы жетістікке жету үшін қаншама залда қаншама тер төгіп, жанын қинап жаттығады. Бапкер де шәкірті үшін күндіз-түні ұйқы көрмей, жанын береді. Міне осындай ерен еңбек өз жемісін берсе қалай қуанбайсыз?

Қабылдауда Ержігіт Шәріпбекұлы қола жүлдегері Дархан Мықтыбекұлымен оның жаттықтырушысын жеңісімен құттықтап, алғыс хатпен марапаттап, естелік сыйлықтар табыс етті. Дархан Мықтыбекұлы өзіне осылай қолдау көрсеткен аудан әкіміне ризашылығын білдірді. 

Халық санағын дұрыс өткізу басты мақсат
Тұрғындар сапалы ауыз сумен қамтылады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу