Майбұлақ мектебіне мәдениет саласы майталманының есімі берілді

Oinet.kz 20-09-2021 1049

Screenshot_1.jpg

Бүгін Қазығұрт ауданында «Майбұлақ» жалпы білім беретін мектептің акт залына мәдениет саласының майталманы Асан Сазановтың есімін беру салтанаты өтті.  Бұл іс- шараға ауыл әкімі, ардагер ұстаздар, мәдениет бөлімінің қызметкерлері, дос- жарандары мен туыстары, ауыл тұрғындары қатысты. 

Сазанов Асан еңбек жолын «Майбұлақ» жалпы орта мектебінде музыка пәнінің мұғалімі болып бастады. Мектептегі көркемөнерпаздар үйірмесін басқарды.Мектептегі және аудан, облыс көлеміндегі түрлі мерекелік іс- шаралардың ұйытқысы бола білді.

1992 жылдан бастап Көкібел ауылдық клубының меңгерушісі болып қызмет атқарды. 2015 жылдан бастап Сабыр Рақымов ауыл округінде ашылған жаңа типтегі  Көкібел ауылдық мәдениет үйінің директоры болып қызмет атқарды. Осы жылдар аралығында мәдениет және білім  салаларында  аянбай еңбек етіп, көптеген жетістіктерге жетті.  Шәкірттері аудандық, облыстық өнер байқауларында жеңімпаз атанды. Адал еңбектің арқасында бірнеше рет аудан әкімінің, аудандық білім бөлімінің, мәдениет саласының алғыс хаттарына ие болған. Аяулы жары Сәрсенкүлмен екі ұл тәрбиелеп, жоғары білімді, саналы азамат болып өсуіне жағдай жасады. Қазіргі таңда ұлдары Иса мен Думан әке жолын куған мәдениет саласының қызметкерлері.

Агроөнеркәсіп саласына инвестиция тартуда Қазығұрт көш бастап тұр
Оқушыларға теріс діни ағымдар қаупі түсіндірілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу