Барлығы балалар үшін...

Oinet.kz 27-09-2022 978

       Screenshot_51.png                                     

Төле би ауданындағы Алатау ауылдық округі тау бөктерінде орналасқандықтан, курортты аймақ болып саналады. Таудың саф таза ауасында тыныстап, серуендеу, демалуды мақсат еткендер жыл көлемінде осы өңірге ағылады. Округте 55 туристік нысан және 64 саяжай орналасқан.  Оның ішінде әсіресе «Біркөлік» емдеу-сауықтыру орталығы, «Алатау» тау шаңғы базасы, «Тау самалы»  демалыс аймақтары көпшілікке танымал. Туризмге төрге шығып келе жатқан ауданда тек ересектердің ғана емес сонымен қатар балалардың да демалып, сауығуына жағдай жасалған. Айталық Алатау ауылдық округінде орналасқан  «Балдәурен» – республикалық ғылыми-әдістемелік, сауығу және оқу-педагогикалық ұйымдастыру орталығы.  Орталықта балалар білім алып қана қоймай, денсаулықтарын шынықтырып, тынығып, мәдени, ғылыми – практикалық іс-шараларға қатыса алады. Мекеме жыл бойына үзіліссіз қызмет етеді және бір ауысымда 350 оқушыны қабылдайды. Ауысымның ұзақтығы жаз мезгілдерінде – 15 күнді, ал қыс мезгілдерінде- 20 күнді құрайды.

Балалар үшін қазіргі заман талабына сай жабдықталған бөлмелер және техникалық құралдармен жабдықтылғын сыныптар, гидромассаждық душ кабиналары бар, жайландырылған бөлмелер бар. Балалар 5 рет тамақпен қамтамасыз етіледі, сауықтыру және профилактикалық іс-шаралары: массаж, су процедуралары, емделу ванналары, сауна, коктейль және қарағайлы таза ауа.

Өмірдің мәні болған балалардың бос уақытын тиімді өткізудің әрі денсаулығын нығайтатын орталық өз демалушыларын күтеді!

Screenshot_52.png


Біркөлік шатқалы туристік нысандарға бай
«Қаратау» - ұмытылымас демалыс сыйлайды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу