Жетісай: Жол сапасына бақылау күшейтілді

Oinet.kz 02-05-2023 183

32.jpg

Соңғы жылдары Түркістан облысында елдімекендер мен ауданаралық жолдарды қалпына келтіру, тас төсеп, асфальттау, тозығы жеткен немесе жаңадан салынған көшелерде тұрғындарға ыңғайлы жағдай жасау мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Мұндай игілікті істерден Жетісай ауданы да қалыс қалмаған.

Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, аудан әкімі Серік Мамытовтың әлеуметтік желілерде тұрғындар тарапынан айтылған сын-ескертпелерге сәйкес берген тапсырмасы бойынша жол жөндеу жұмыстарына бақылау жүргізу қолға алынды.

Бірінші кезекте Қазақстан Республикасының «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК Түркістан облыстық филиалы мен Жетісай аудандық тұрғын үй-коммуналды шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі мамандарының, жергілікті тұрғындардың қатысуымен жасақталған бақылаушылар тобы ішкі жолдарға төселіп жатқан асфальттардың сапасын, төселген тастар мен асфальттардың құрамын, қалыңдығы мен енінің ұзындығын, нығыздалу коэфицентін назарға алды.

«Жолдың сапасын назарға алып, тексеру жұмыстарын жүргізу – ең бірінші кезекте тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Ішкі жолдарда жол көлік апаттарының алдын алады. Бұл жұмыстар тек бүгінмен тоқтап қалмайды, алдағы уақыттарда да жалғасын табатын болады», - деді аудандық тұрғын үй-коммуналды шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Берік Мамбетов.

Айта кетейік, елімізде 2021 жылы «Қуатты өңірлер ел дамуының драйвері Ұлттық жобасы қабылданған. Ұлттық жобаны іске асырудың мақсаты -базалық қызметтерге халықтың тең қолжетімділігін қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық жағдайды жақсарту және тұрғын үй құрылысын дамыту, сондай-ақ көліктік байланысты қамтамасыз ету және елдің көліктік-транзиттік әлеуетін жоғарылату есебінен азаматтардың қолайлы өмір сүру ортасын құру


«Өнерлі өлке»: Фестиваль мақсаты-ұлттық мәдениетті дамыту
«Кең дала» бағдарламасы бойынша несие берілуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу