Түркістан: Шақпақ елді мекені табиғи газға қосылады

Oinet.kz 02-05-2023 208

34.jpg

Қазақстанда азаматтардың негізгі қызметтерге теңдей қолжетімділігін қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық жағдай мен көлік байланысын жақсарту мақсатында «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйверлері» Ұлттық жобасы құрылған болатын.

Бұл жоба 2021 жылы іске қосылды. Ол тұрғын үй-коммуналдық және инфрақұрылымды дамытуға арналған бірнеше мемлекеттік бағдарламаларды біріктіргенін айта кеткен жөн. Бұл оларды іске асыруды жеделдетуге мүмкіндік берді. Өйткені олар ұлттық жоба аясында бюджеттік қаржыландыруда басымдыққа ие. Осы бағытта Түркістан облысының Бәйдібек ауданында бірқатар жұүмыстар атқарылуда.  

Жуырда аудан әкімі Ержігіт Шәріпбеков Алғабас ауылдық округінің орталығы Шақпақ елдімекенінің тұрғындарымен кездесті. 

Кездесуде шақпақтық тұрғындар аудан басшысына елді мекендегі өзекті мәселелерді айтып, ауыз суға байланысты және газ құрылысы бойынша қазылып, жүргізіліп жатқан құбырларды көму барысында бірқатар кемшіліктер орын алып жатқандығын жеткізді. 

Кездесуге газ құрылысын жүргізіп жатқан мердігер мекеменің басшылары шақыртылып, ауыл тұрғындарына мән-жайы толық түсіндірілді. 

Ержігіт Шәріпбекұлы мердігер мекемеге әрбір атқарылып жатқан жұмысты сапалы жүргізуді ескертіп, жауапты бөлімдерге жобалық сметалық құжаттамаға сәйкес жүргізілуін бақылауға алуды тапсырды. 

Кездесуде бос жүрген ауыл азаматтарын газ құрылысын жүргізіп жатқан мекемеге жұмысшы ретінде жұмысқа орналасуға және талапқа сай жүргізілуін бақылауға алуларына болатыны жеткізілді. 

Жалпы биыл Шақпақ елдімекеніне республикалық бюджеттен қаржы бөлініп, ішкі және жеткізуші газ құбырларының құрылысы жүргізіліп жатыр. Одан бөлек аталған елдімекенде ауыз су жүйесіне қайта құру жұмыстарының құрылысы басталды.


«Кең дала» бағдарламасы бойынша несие берілуде
«Өнерлік өлке»: Ақындар айтысы ұйымдастырылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу