Келесте газ тарату станциясы пайдалануға беріледі

Oinet.kz 07-05-2023 167

20.jpg 

Қазақстанда азаматтардың негізгі қызметтерге теңдей қолжетімділігін қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық жағдай мен көлік байланысын жақсарту мақсатында «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйверлері» Ұлттық жобасы іске асуда.

2021 жылыдан бергі жүзеге асып келе жатқан Ұлттық жоба тұрғын үй-коммуналдық және инфрақұрылымды дамытуға арналған бірнеше мемлекеттік бағдарламаларды біріктірген. Түркістан облысында аталған жоба аясында бірқатар жұмыстар жүзеге асуда.  Соның ішінде елді мекендерді газдандыру бағытындағы жұмыстар қарқын алуда.

Келес ауданы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған ауданда қуаты 30 мың кубты құрайтын газ тарату станция пайдалануға берілмек. Аталған нысан Біртілек ауылдық округінің аумағында орналасып, биылғы жылдың қысқы жылу маусымы басталар тұста іске қосылмақ. 

Нәтижесінде Абай ауылы, Ошақты және Ұшқын ауылдық округінің елді мекендерін толықтай табиғи газбен қамтуға мүмкіндік туады. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Келес ауданындағы қордаланған мәселелерді шешуге арналған жиында аталған нысанды тездетіп іске қосуды тапсырып, орындалуын бақылауына алған болатын. 

Берілген тапсырманың орындалу деңгейін бақылау мақсатында бүгін Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев газ тарату станциясында болып, атқарылып жатқан жұмыстардың барысын бақылап, жұмысты ширату бағытында тапсырмаларды жүктеді. 

Айта кетейік, Келес ауданының елді мекендеріне табиғи газ босататын «Түркістан облысы, Келес ауданы, Абай АГТС құрылысы (қуатын күшейту)» нысаны бойынша құрылыс монтаж жұмыстарын жүргізуге 2019 жылы әлеуетті өнім беруші мердігер мекеме «Газ KZ» ЖШС-і жұмыстарды жүргізуге келісім шарт түзіліп, құрылыс монтаж жұмыстары басталған.

Қазіргі таңда нысанды пайдаланушы мекеме «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ы теңгеріміге өткізу бағытында жұмыстар атқарылуда.


Келес: Шенеуніктер ауылдарды автобуспен аралап жүр
Төлеби: Қабылдауда газ мәселесі талқыланды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу