Түлкібас: Бағдарлама аясында жастар жұмыспен қамтылуда

Oinet.kz 08-05-2023 204

23.jpg 

Мемлекет тарапынан жастарға жеңілдетілген 2,5 пайыздық несие беру наурыз айынан басталып кетті. Бұл жұмыстарды үйлестіруге Түркістан облысына 2,9 млрд. теңге қаржы қаралып отыр. 

     Түлкібас ауданында жастарға арналған жеңілдетілген 2,5 пайыздық несие бойынша насихаттау жұмыстар үзідіксіз жүргізілуде. Бұл туралы Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.   

Аудан бойынша бүгінде  32 жас несие алуға ниет білдірген. Олардың  8-і құжат өткізіп, 6 жас комиссиядан өтті. Қала ауыл жастарымен аралау жұмыстарын жүргізу барысында NEET санатындағы 315 жастың жеке басы анықталды. Аудан бойынша 14-35 жас аралығындағы жастарға арналған мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру бойынша 525 жасқа кеңес беріліп, қазіргі таңда “Жастар практикасы” бағдарламасымен 68 жас, “Aқылы қоғамдық жұмыспен” 47 жас, “Aлғашқы жұмыс орны” жобасымен 44 жас, “Әлеуметтік жұмыс 11 жас жұмыспен қамтылып отыр. Колледждерге берілетін 15000 грант бойынша әзірге 24 жас келісім беріп отыр. “Жасыл ел”  жастар жасағын 90 жұмыссыз жаспен қамту жоспарланып отыр. Алдағы уақытта тиісті жұмыстар жалғасын табатын болады.


«Ауыл-ел бесігі»: Төлебиде сауықтыру кешені салынуда
Түлкібас: Балық шаруашылығымен айналысушылар көбейді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу