Мақтааралда 5 «Жайлы мектеп» салынады

Oinet.kz 11-05-2023 182

37.jpg

Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі Еркебұлан Дауылбаев Мақтаарал ауданына жұмыс сапарымен келіп, "Жайлы мектеп" Ұлттық пилоттық жобасы аясында атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты. Бұл туралы Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі "Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" атты Қазақстан халқына Жолдауын орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 30 қарашадағы №963 қаулысымен бекітілген білім беру саласындағы "Жайлы мектеп" жобасы аясында Мақтаарал ауданында 5 мектептің құрылысы жоспарланған. 

Нақтырақ айтар болсақ, Атакент кентінен 1500 орындық және 900 орындық мектептердің құрылыстары, Жамбыл ауылдық округі, Абай елдімекенінен 900 орындық мектеп құрылысы, А.Қалыбеков ауылдық округі, Үлгілі елдімекенінен 600 орындық мектеп құрылсы және Нұрлыбаев ауылдық округі, Ынталы елдімекенінен 300 орындық мектеп құрылысы 2024 жылы басталып, 2025 жылы қолданысқа беріледі деп күтілуде. 

Пәндік кабинеттермен, оның ішінде робототехника, кең жолақты интернет, жаңа модификацияланған кабинеттермен жабдықталатын мектептерде оқушылардың сапалы білім алуларына, жоғары және бірінші санатты мұғалімдер құрамының пайыздық үлесін, педагогикалық қызметкерлердің біліктіліктерін арттыруға толықтай жағдай жасалатын болады. 

Қазіргі таңда мектеп құрылыстарын жүргізуге қажетті жер телімдері нақтыланып, құрылыс нысандарының жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленуде. Сонымен қатар, жобаларды инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бойынша келіссөздер жүргізіліп, меморандумдар түзілуде. Жалпы жасалып жатқан жұмыстар жөнінде аудан әкімінің орынбасары Бейсенбай Төребеков кеңінен ақпарат берді. 

Айта кетейік, Еркебұлан Дауылбаев жасалып жатқан жұмыстармен толық танысып, кейбір кемшіліктерді пысықтап, жобаны тезірек әрі сапалы іске асыру үшін нақты тапрсырмалар берді. 


Келесте Индустриалды аймақ құрылады
Мақсат-тұрғындарға жайлы өмір сыйлау
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу