«Армандар орындалады» жобасы облыс көлемінде ұйымдастырылады

Oinet.kz 27-05-2023 145

44.jpg

Түркістандық ерікті Әсел Бимырзаеваның 2022 жылы қала көлемінде ұйымдастырған «Армандар орындалады» жобасы енді облыс көлемінде қолға алынды. 

Өткен жылы игі істе 70 ерекше қажеттілігі бар баланың армандары орындалса, жыл басынан бері аталған жоба 33 балаға қуаныш сыйлап үлгерді. 

Алғашқыда түркістандық ерекше балаларды қамтыған жобада бүгінде Кентау қаласы, Отырар, Бәйдібек аудандарынан келген балалардың арманы орындалып жатыр. 

«Армандар орындалады» жобасы жалғасып жатқаны ниеті түзу жандардың арқасында деп ойлаймын. Бұлай дейтінім, былтыр бастау алған жоба бүгінге дейін ерекше балаларға қуаныш сыйлаумен келеді. Тоғызыншы рет өткізілген іс-шара бұрынғысынан өзгерек. Бұл жолы Бәйдібек, Отырар аудандарынан, Кентау қаласынан ерекше балалар қатыстырылды. Демек, қала көлемінде басталған жобамызды облыс деңгейінде өткізілуге мүмкіндік бар. Басқа ауданнан келген балалардың біразы киелі шаһарымызға алғаш рет келуі екен. Қуаныштарында шек жоқ. Қуаныш сыйлай алғанымыз үшін біз де керемет күй кештік», дейді жоба негізін қалаушы Әсел Бимырзаева. 

Ерекше қажеттілігі бар балалардың арманы жазылған хаттарды жүзеге асыруды мақсат еткен жоба болашақта да жүйелі түрде жалғасады.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі


БАҚ туралы заңға өзгеріс енгізу – уақыт талабы
Қытай делегациясы «TURKISTAN» Индустриалды аймағында болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу