Бірыңғай байланыс орталығы тәулік бойы қызмет етеді

Oinet.kz 14-06-2023 208

25.jpg

Түркістан облыстық Бірыңғай байланыс орталығына биыл 30 мамыр мен 10 маусым аралығында 4738 өтініш келіп түсті. Оның 4269-на дер кезінде жауап беріліп, өтініштер мен арыздар оң шешілген.

Түркістан облысы әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, 

көтерілген мәселелердің басым бөлігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы, оның ішінде, электр жарығы, ауыз су және табиғи газбен қамту, сондай-ақ көшелерді жарықтандыру, кәріз құдықшалары мен қоқыс қалдықтарын тазарту, ветеринарлық қызмет көрсету және жол салуға байланысты.

Тұрғындардың мәселелерді жедел жеткізуі мен кері байланысты оңтайландыру бойынша өтініш беру көздерінің аясы кеңейген. Атап айтқанда, азаматтар өтініштерін 109 қысқа нөміріне қоңырау шалу, «Aikey» мобильді қосымшасы, Telegram-да чат бот, Whatsapp желісі, Instagram және Facebook әлеуметтік желілердегі ресми парақшалары арқылы жолдай алады. Қоңырау қабылдау 5 категория арқылы: кеңес беру, оқиғаға байланысты арыз-шағым, шағым, алғыс және ұсыныс негізінде жүргізіледі.

Айта кетейік, Түркістан облыстық Бірыңғай байланыс орталығы – «Ашық әкімдік» және «Халықтық әкімдік» тұжырымдамаларына сәйкес, жергілікті билік пен халық арасындағы үздіксіз байланысты нығайту бойынша жұмыс жүргізетін алаң. Байланыс орталығы тәулік бойы тұрғындардың арыз-шағымын қабылдайды.


Келестің қарбызы Ресейге экспортталуда
«Бизнеске жол» жобасы кәсіпкерге көмектеседі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу