Арыс: Ретсіз сауда орындарына қарсы рейд басталды

Oinet.kz 14-06-2023 273

28.jpg

Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекованың тапсырмасына сәйкес, базарларды қолданыстағы заң талаптарына сәйкес ретке келтіру бойынша құрылған арнайы жұмысшы топ құрылды. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады. 

Бүгінде жұмысшы топ өкілдері қала аумағында жұмыс істеп жатқан базарлардың ішкі тәртібі, сауда, санитарлық, өртке қарсы ережелерін, сәулет, құрылыс, ветеринарлық және басқа да талаптардың сақталуын зерделеу мақсатында мониторинг жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп жатыр.

Атап айтқанда, базарлар мен кәсіпкерлік нысан иелеріне сауда нысандарының санитариялық талаптарға сәйкестендіруін және дүкендер алдында ретсіз сауда жүргізуге болмайтындығы жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатыр. 

Яғни, сауда қатарлары жаяу жүргіншілерге кедергі келтірмеуі керек және барлық санитариялық талаптар қатаң сақталуы тиіс. Сондай-ақ, базар иелеріне бақылау таразысы орнатылуы керектігі ескертілді. 

Ал, мал еті мен балық сатушыларға лас сулар мен қалдықтарды лотоктар мен қоқыс жәшіктеріне тастамау керектігі баса айтылды. Себебі, санитариялық талаптарға сәйкес, ондай қалдықтар арнайы «Беккери» шұңғырына төгілуі тиіс.

Бұдан бөлек, заңсыз тасымалдаудың алдын алу, жүргіншілер қауіпсіздігін сақтау бойынша да түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, ескертулер беріліп жатыр. 

Сондай-ақ, дүкендер мен дүңгіршектер, сауда үйлері иелеріне өзіне іргелес жатқан аумаққа қоқыс жәшігін (урна) қою керектігі айтылды. 

Түсіндірме жұмыстары барысында, ескертулерге қарамай, қолданыстағы заң талаптарын қайталама бұзған жағдайда айыппұл салынатындығы қатаң ескертілді. Жұмысшы топтың рейдік шаралары жалғасады.


Түркістан облысындағы бизнес-климаттық ахуал талқыланды
Созақ: Көркейту, көгалдандыру жұмыстары жанданды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу