Бәйдібек ауданы: Ауылдардың инфрақұрылымы жаңартылуда

Oinet.kz 14-06-2023 317

30.jpg 

Елімізде қабылданған «Қуатты өңірлер-ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы республикалық маңызы бар жолдардың үлесін 100%–ға дейін және жергілікті маңызы бар автожолдардың үлесін 95%-ға дейін арттыру көзделіп отыр. Айта кетері, Ұлттық жоба «Нұрлы жер», «Нұрлы жол» және «Өңірлерді дамыту» мемлекеттік бағдарламаларының, оның ішінде «Ауыл – Ел бесігі» жобасының іс-шараларын қамтиды.

Жуырда Түркістан облысы Аудан әкімі Ержігіт Шәріпбеков жұмыс сапарымен Ақбастау, Боралдай ауылдық округтеріне барды. 

Сапар барысында аудан басшысы «Ауыл - ел бесігі» жобасы аясында Ақбастау елдімекеніндегі жүргізіліп жатқан ішкі көшелердің жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. 

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша,  аталған жоба аясында Ақбастаудағы 11 ішкі көше жөндеуден өтіп жатыр. Жаңадан асфальт төселіп, аяқжолдар салынып, суағарлар мен көше шамдары орнатылады. 

Сонымен қатар, Ержігіт Шәріпбеков Боралдай ауылдық округіне қарасты Қаратас-Теректі елдімекеніне баратын автомобиль жолға төселіп жатқан асфальт жолдың жұмыстарын бақылады. Мердігер мекемеге әрбір атқарылып жатқан жұмыстардың сапасына мән беріп, мерзімінде аяқтауды тапсырды. 

Аудан басшысы Ақжар елдімекеніндегі аяқталуға жақын ауыз су жүйесінің құрылыс жұмыстарын көрді. Құрылысты жүргізген мердігер мекеменің басшысымен кездесіп, қалған жұмыстарды жедел әрі сапалы аяқтау жөнінде ескертті.


Созақ: Көркейту, көгалдандыру жұмыстары жанданды
«Ауыл аманаты»: Кәсіп ашамын дегендерге қолдау көрсетеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу