Сарыағаш: Жол құрылысы қатаң қадағаланады

Oinet.kz 22-06-2023 243

36.jpg

Елімізде 2021 жылы қабылданған «Қуатты өңірлер-ел дамуының драйвері» Ұлттық жобасы аясында ауқымды шаралар қолға алынып отыр. Ұлттық жоба «Нұрлы жер», «Нұрлы жол» және «Өңірлерді дамыту» мемлекеттік бағдарламаларының, оның ішінде «Ауыл – Ел бесігі» жобасының іс-шараларын қамтиды. 

Сарыағаш ауданында «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында биыл елді мекендердің жолдары жөнделіп, көшелері жаңартылуда. Биыл Құркелес ауылдық окугіне қарасты 3 елді мекеннің, 15 көшесіне орташа жөндеу жұмыстары басталды.

Осыған орай, аудан әкімі Арман Абдуллаев Құркелес ауылдық округі, Ақниет елді мекеніне арнайы барып, Аль-Фараби, Қажымұқан, №1, М.Мақатаев, Т.Аубакиров көшелеріндегі жол жөндеу жұмыстарын жаяу аралап көрді. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Жол құрылысымен танысқан аудан басшысы құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер мекеме өкіліне жол құрылыстарының сапасына сараптама жасатып қорытындысын алу қажет екенін ескертті. Сонымен қатар тиісті бөлім басшысына аталған елді мекендегі Пупащенко көшесіне асфальт төсеу жұмыстарын уақытылы, сапалы аяқтауды тапсырды.

Жалпы биылғы жылы аудан бойынша 60 көшенің 97 шақырымына орташа және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Оның ішінде: «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 21 көшенің 41,4 шақырым көшелерге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Ал аудандық бюджеттен 38 көшенің 55,2 шақырымына орта және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қаржы бөлінген. Нәтижесінде елді мекендердегі ішкі көшелердің жақсы және қанағататтанарлық жағдайдағы үлесі 58%-дан 66% -ға арттыру күтілуде.


Төлеби ауданында 59 көше жөндеуден өтеді
Ортақ жайылым-өзекті мәселе
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу