«Ауыл аманатына» 20 жоба ұсынылды

Oinet.kz 19-06-2023 134

 49.jpg

Ел аумағында ауылшаруашылығы саласын дамыту, ауыл тұрғындарының әл-аухатын арттыру мақсатында «Ауыл аманаты» пилоттық жобасы қолға алынды. Аталған жоба шеңберінде 2,5% несие беріліп, тұрғындар өз бизнесін бастауға мүмкіндік берілмек. Бастапқы сатыда тек мал бордақылау, балық және жылыжай салу бойынша құжаттар қаралса, қазіргі таңда шағын кәсіп ашу бойынша құжаттар қаралу жоспарлануда. Осыған орай, Келес ауданы Ақтөбе ауылдық округінің әкіміне 20 жоба ұсыну тапсырылған болатын. Бұл туралы Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев Ақтөбе ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуінде атап өтті. 

— Бүгін, Ақтөбе ауылдық округіне өздеріңізбен жүздесіп, маңызды мәселелерді бірге талқылау үшін арнайы келіп отырмыз. Өткен аптаның ішінде облыстық тиісті басқармадан өкілдер келіп, Ақтөбе және Біртілек ауылдық округін ресми түрде «Ауыл аманаты» жобасына енгізілді. Кәсіп бастаймыз деген азаматтарды сүйемелдеуге дайынбыз. Сонымен қатар алдыңғы кездесуде көтерілген мәселелерді шешу бағытында біршама жұмыстар атқарылды. Атап айтсам, Жуантөбе, Көгерту, Ескіқорған Ғ.Мұратбаев елді мекендеріне мектеп құрылысы жүргізу. 2023 жылға Ғ.Мұратбаев елді мекенің аумағынан 600 орындық жайлы мектеп құрылысы жұмыстары жүргізіледі. Жуантөбе, Көгерту, Ескіқорған елді мекендері аумағынан 300 орындық мектеп құрылыс жұмыстарын жүргізу 2024-2025 жылдар аралығында жүргізілмек, - деді Жәнібек Есенұлы. 

Келес ауданы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, аудан әкімі кездесу барысында ағымдағы жылдың мамыр айында елді мекендерді аралап, ондағы өзекті мәселелерді шешу үшін тиісті бөлімдер мен ауыл әкіміне нақты тапсырмалар жүктелгенін айтты. 

— Ауылдық округтің тыныс тіршілігімен танысу үшін мамыр айында Ақтөбе ауылдық округіне қарасты елді мекендерді өзімнің орынбасарларымен, дербес бөлім басшылармен арнайы араладым. Аралау барысында бірнеше тапсырмалар бердім. Солардың бірі Ақтөбе ауылдық округі аумағынан өтетін Келес өзенің арнасы ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерді шайып кетуіне байланысты Келес өзенін қию бойынша ұсыныстар беріліп, қазіргі таңда қию жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар ауылдардың сыртқы қасбеті мен санитарлық тазалығы басты назарда болады, - деді аудан басшысы. 

Кездесу барысында каналдармен, арық, атыздарды тазалауды, абаттандыру, жайылым жер мәселелері көтерілді. Әр бір қойылған сұраққа толыққанды жауап беріп, шешілуі бағытында арнайы ісшара жоспары бекітілді. Кездесу соңынан жеке қабылдау өтті. 


Келес: Теріс каналы тазалаудан өтеді
Бірлесуде емхана салынады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу