Сайрам: Инфрақұрылым тарту кезең-кезеңімен жүргізіледі

Oinet.kz 22-06-2023 371

57.jpg

Түркістан облысы Сайрам ауданының әкімі А.Сәбитов Көлкент ауылдық округінде болды. Бұл туралы Сайрам ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Аралау барысында ауылдық округінің әкімі У.Юлдашев бірқатар құрылыс жобаларын қаржыландыруға ықпал етуін сұранды. Атап айтқанда, Қосбұлақ елді мекеніндегі Жаңақұрылыс аумағындағы 24 га және М.Оразалиев елді мекеніндегі Жаңақұрылыс аумағындағы 0,10 га жер учаскелері бойынша жобалық сметалық құжаттары дайындалып, мемлекеттік сараптамадан өткен. Сонымен қатар, 8,1 шақырымнан, яғни 368 учаскеден құралған Үштөбе көшесі бойындағы Жаңақұрылыс аумағы бойынша тиісті құжаттары жинақталуда.

Ал, Ақсуабад елді мекеніндегі Жаңақұрылыс аумағындағы 32 га жер учаскесіне инфрақұрылым жүйелерімен қамту жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілетін болады. Бүгінгі таңда аталған аумаққа ауыз су жүйесінің құрылысы жүргізілген, ал қалған электр және газ жүйелері, жол құрылыстары жыл соңына дейін аяқталуы жоспарлануда. 

Аудан басшысы Арман Сәбитұлы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Б.Бейсембаев және аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Б.Моминжанов ауылдық округінің әкімімен бірлесе, жаңақұрылыс аумағының құрылыс жобаларын қайта қарап, бірінші кезекте қажет ететін инфрақұрылым жүйесімен қамтамасыз етуде тиімді жолдарын қарастыруды тапсырды.

Аудан әкімі А.Сәбитов Арыс ауылдық округін аралау барысында Қожақорған және Нұржанқорған ауылдарының жағдайымен танысып, шешімін қажет ететін мәселелерді сұрады. 

Ауылдық округінің әкімі М.Сиддиков көктемгі су тасқынын алдын алу мақсатында көпірді жөндеу аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне ұсыныс берілгенін, бүгінгі таңда қолдау тапқанын жеткізді. Ж.Меңлібаев көшесіндегі көпір және науаны ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін бюджеттен 19 млн. қаржы қарастырылған. Алдағы уақытта құрылыс жұмыстары басталатын болады. Сонымен қатар, елді мекендерге ағын судың толық жеткізілуі үшін арықтарға лоток орнатудың және жаңақұрылыс аумақтарын электр жарығымен қамтуға ықпал етуін сұранды. 

Аралау соңында ауылды дамыту және өзекті мәселелердің шешу жолдарын қарастыру бағытында тиісті бөлімдермен зерделеп, нақты ұсыныстарды енгізуді тапсырды. 

Аудан басшысы  Қарамұрт ауылдық округінде өзекті мәселелерімен танысты. Ауылдық округінің әкімі М.Нажиев "Қарамұрт газ" ЖШС-і тарапынан ағымдағы жылы табиғи газ қысымын көбейту мақсатында күрделі жөндеу жұмыстарының жоспарланып отырғаны, Низамабад елді мекеніндегі жер қойнауын пайдаланушының жұмысына тұрғындардың білдірген қарсылығы, Қарамұрт ауылы мен Төлеби ауданының шекарасында орналасқан тұрмыстық қатты қалдықтарды тастайтын орынды жабу туралы мәселелерін түсіндіріп, заңға сәйкес шешімін қарастыруға ықпал етуін сұранды. 

Өткен жылдың қыс маусымында газ қысымы төмендеп, тұрғындарға бірнеше күн газ берілмей қалған жағдайы орын алған болатын. Осыған байланысты, газ шаруашылығы қысқа дайындық маусымына дейін қосымша құбырларды жүргізіп, аяқтауы тиіс. Жекеменшік газ шаруашылығының бастаған жұмысы бүгінгі таңда баяу екенін тілге тиек етті. Құбырларға арналған жер қазылған, алайда басталған жұмысты соңына дейін жеткізу үшін тиісті мекемелерден құжаттарға келісім ала алмай отырғаны айтылды. Тұтынушылардың жартысына жуығы осы газ шаруашылығын қолдаса, қалған жартысы аудандағы «КазТрансГазАймақ» АҚ Сайрам аудандық газ шаруашылығына өткізу секілді келіспеушіліктер туындауда. 

Ауыл тұрғындары жер қойнауын пайдаланушы үлкен үйінді жинамау және айналасына су сеуіп отыруын сұранып отырғанын жеткізді.  Қатты тұрмыстық қалдық тастайтын орын қайта ашылған. Қоқыстарды өртеген кезде ауада тараған иісі үшін жергілікті халық қайта жабу мәселесін көтеруде.  Аудан басшысы аталған мәселелерді зерделеп, заңға сәйкес ретке келтіруді тапсырды. 

Ал, Ақбұлақ ауылдық округіндегі сапар барысында ауыл әкімі М.Оразбаев аудан басшысына спорт ғимаратын салу бойынша ұсынысын жеткізді. Айтуынша, ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу мақсатында жұмыс істеп тұрған цехтың жалпы көлемі 0,80 га жер учаскесі «Стамбеков және с» өндірістік кооперативі жеке меншік құқығымен сатып берілген. Аталған цехтың жер учаскесінің құжатын рәсімдеп, 2006 жылы сатылған. 2021 жылы сату-сатып алу келісімшарты негізінде У.Султановтың жеке меншігіне өткен. Мемлекеттен қаржы қаралып, мемлекет мұқтажы үшін сатып алуға жер учаскесінің иесі келісімін берді. Бүгінгі таңда осы жердің 0,24 гектарын мемлекеттің меншігіне қайтарылған. 0,62 гектар жер учаскесін мемлекет меншігіне қайтарған жағдайда алдағы уақытта спорт кешенін салу жоспарымен бөлісті. 

Мұнан кейін, Мәткерім көшесінде құжатсыз салынған 33 жеке тұрғын үйлердің құжаттарын заңдастыру барысын түсіндірді. Жеке тұрғын үйлер орналасқан жер учаскесі аудан әкімдігінің тиісті қаулысымен 2,5 гектар нысаналы мақсаты жайылымдық жер учаскесі басқа азаматқа берілген. Аталған жер учаскесі аудан әкімінің қаулысымен ауданның арнайы жер қорының құрамына жайылымдық жер телімі ретінде енгізілген. 

Сонымен қатар, 4,20 гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер ретінде шаруа қожалыққа жеке кәсіпкер иеленуіне байланысты, жер учаскесін мемлекет меншігіне қайтару бойынша сотқа аудан әкімдігі тарапынан талап арыз беріліп, сотта қаралуда. Аталған жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылған жағдайда, құжатсыз салынған үйлерді сот арқылы меншік құқығын тануға және спорт алаңшасын салу мүмкіншілігі болады. 

Келесі кезекте «Жайлы мектеп» мәселесі талқыланды. Ұлттық жобасы аясында мектеп құрылысын жүргізу үшін Ә.Тәшімов көшесі бойынан 2,4 гектар жер телімі қарастырылып, шешім шығарылған. Бүгінгі таңда мемлекеттік акт алынып, мектеп салынатын жер телімінің астынан өткен газ құбырын ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі тарапынан ауыз су, электр жарығы, табиғи газ және байланыс желісімен қамту бойынша техникалық шарттары әзірленуде.

Жер қойнауын пайдаланушылар жергілікті тұрғындарының арызы бойынша «Ниетім-Н» ЖШС-і түзген келісімшартының пайдалы қазбаларды өндіру аумақтарын зерделеу жұмыстарын жүргізу үшін облыстық жауапты мекемелер тарапынан жұмыс тобы құрылды. Аталған нысан өз жұмысын 2015 жылы бастаған. Жұмысшы топ құрамымен зерделеу жұмыстары жүргізіліп, шекарасы анықталып, құжаттары заң талаптарына сәйкес рәсімделгені анықталған. Алайда, 20-25 метр тереңдікте қазылғандығына байланысты арнайы маманның қызметі арқылы алдағы уақытта зерделеу жұмыстары жоспарлануда.

Жерге қатысты мәселелер тыңдалған соң, аудан әкімі ауыл әкімі және аудандық жер қатынастары бөліміне жер мәселесін бақылауға алуды тапсырды. 

Аудан әкімә Арман Сәбитұлы сондай-ақ,  Манкент ауылдық округін аралады.  Аралау барысында Алма-ата және Бірлік көшелерінде орналасқан су ұңғымаларының жағдайы, аудандық маңызы бар КХ-40 «Ақсу-Манкент-Жібек жолы» автомобиль жолына жүргізіліп отырған күрделі жөндеу жұмыстары, сонымен қатар «Қайрағаш» атындағы бастауыш мектебінің ғимаратын аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің балансына өткізу мәселелерімен танысты. 

Ауылдық округінің әкімі А.Сайтмуратов жаз айында жергілікті тұрғындардың ауыз суға сұранысы жоғары болатынын айтып, кейбір су ұңғымаларынан шыққан су мөлшерінің аз болуы және лайқа су шығып жатқанын жеткізіп, аудан әкімінен аталған мәселенің оң шешімі қарастырылуына ықпал етуін сұранды. Білім мекемесінің ғимаратын жастарға спортпен шұғылдануға керек екенін жеткізді. 

Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің тапсырысы негізінде Алма-ата көшесіндегі 150 метр су ұңғымасы қазуға, 40 текше метр су мұнарасын орнатуға бюджеттен 23 млн. теңге қаралған. Құрылыс жұмыстары аяқталған соң, 250 үй ауыз сумен қамтылатын болады. Ал, Бірлік көшесінде «Сайрам тазалық» ЖШС-інің балансындағы ұңғыманың жанынан қосымша 180 метр су ұңғымасын орнатуды ауыл демеушілері қолға алып отыр. Құрылысы аяқталған соң, судың мөлшері көбейіп, 280 үй тұтынатын болады. 

Аудандық маңызы бар жол құрылысы 2022 жылдың шілдесінде басталып, 2024 жылға дейін құрылысын аяқтау жоспарланған. Мердігер мекеме «Шымкентдорстрой» ЖШС-і. Жобалық сметалық құны 1 млрд. 551 млн 730 мың теңгені құрайды.

«Қайрағаш» атындағы бастауыш мектебінің оқу корпусы 2015 жылы ауыл тұрғындары есебінен ыңғайластырылып, қайта құрылған. Мектеп 0,30 га жер теліміне орналасқан. Мектеп 6 бөлмеден тұрады. Аудан әкімінің тиісті қаулысына және аудандық білім беру бөлімінің бұйрығына сәйкес, Манкент ауылдық округі әкімі аппаратының балансындағы ғимаратты №64 Ш.Рашидов атындағы жалпы орта мектебінің балансына өткізілген. Бүгінгі таңда облыстық салалық басқарманың балансынан аудандық бөлімге өткізу жайында ұсыныс жасалды. 

Аралау соңында, ұсыныс-пікірлер талқыланып, өзекті мәселелер бақылауға алынып, тапсырмалар берілді. 


Түркістан: 5 жылда 13 мәдениет нысаны ашылды
«Ауыл –Ел бесігі»: Сайрамда ауыз су жүйесі жөнделеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу