Түркістан: Ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 1 триллионнан асты

Oinet.kz 27-06-2023 124

10.jpg

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі 1 трлн. теңгеден асқан. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мәлімдеді. Оның айтуынша, өңірде экономиканың маңызды саласының бірі ауыл шаруашылығында өнім көлемі 5 жылда 2 есе артып, алғаш рет 1 трлн. теңгеден асты (2018 ж. 544,3 млрд.теңге). Агроөнеркәсіп кешеніне жалпы 336 млрд. теңге инвестиция тартылған. 

Салада жаңа технологиялар кеңінен қолдануда. Қарқынды бау көлемі биыл 5405 гектарға жеткізіледі. Нәтижесінде өнімділік 5 есеге артып, 300-350 центнерге дейін өнім жиналады. Су үнемдеу технологиясы 28 763 гектарға, «Бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу» жобасы 9303 гектарға ендірілді. Аталған тәсіл, ағын суды 2 есе үнемдеуге, өнімділікті 3 есеге дейін арттыруға мүмкіндік береді. Республикадағы жылыжайлардың 71% облысқа тиесілі. Жалпы көлемі 1511 гектарға жетті. Өткен жылы 91 мың тонна өнім жиналды. 2027 жылға дейін 500 гектарға жаңа жылыжай салу жоспарланып отыр. Егістікті әртараптандырудың нәтижесінде 3 млн. тонна көкөніс, бақша, картоп өнімдері жиналды. Нарықты отандық өнімдермен қамтамасыз ету мақсатында биыл 60 жобаны іске асыру жоспарланса (құны 54 млрд.тг., 1 318 жұмыс орны), бүгінгі таңға 16-сы іске қосылған.


Дархан Сатыбалды: Түркістанда құрылыс саласы қарқынды дамып келеді
Кесенеге кешенді зерттеу жұмыстары жүргізіледі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу