Түркістан облысында 611 үкіметтік емес ұйым бар

Oinet.kz 03-07-2023 272

44.jpg

Түркістанда ұрыс қимылдары мен апатты жерлерде әскери борышын өтеген азаматтардың ықпалымен құрылған қоғамдық бірлестіктерімен кездесу өтті. Кездесуді облыс әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев жүргізіп отырды. Жиынға жауапты салалық басқармалар және департаменттердің басшылары мен олардың орынбасарлары, аталған бағыттағы қоғамдық бірлестіктердің төрағалары шақырылды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Басқосуда облыстағы ардагерлерге мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаулар жөнінде ақпараттар берілді. Қоғамдық бірлестіктердің төрағалары өз ұсыныстарын жеткізіп, бірлесіп іске асыратын жобаларды талқылады. Басым бөлігі ардагерлердің әлеуметтік жағдайына көңіл бөлу, ұлы тұлғаларға ескерткіш салу, ардагерлер аллеясын ашу және жастармен бірге өтетін іс-шараларды көбірек ұйымдастыру төңірегінде болды. 

Облыс әкімінің орынбасары Бейсен Дәулетұлы ой-пікірлерді тыңдай келе, ортақ шешім қабылданатынын және ардагерлердің құқықтық сауатын арттыру тұрғысынан семинар-тренингтер ұйымдастырылатынын жеткізді. Басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне жеңілдіктер мен жәрдемақы көлемін ұлғайту жөнінде жұмыстар жүргізіледі. Сондай-ақ емдеу-сауықтыру жолдамаларын алу үшін Түркістан қаласында арнайы маман-дәрігерді бекіту қарастырылады. Аталған санаттағы азаматтарға мемлекеттік үлгідегі бірыңғай қызметтік куәліктер беру жобасы әзірленбек. Жастардың әскери-патриоттық рухын көтеру аясында атқарылатын іс-шараларды ардагерлермен бірлесе өткізу дағдысын қалыптастыру қолға алынбақ. Осы жоспарлардың орындалуын БАҚ-та насихаттау бойынша да тапсырма жүктелді. 

Қазіргі таңда Түркістан өңірінде түрлі бағыттағы 611 үкіметітк емес ұйым бар. Облыс бойынша ардагерлер кеңесі мен 536 бастауыш ардагерлер ұйымы жұмыс істейді. Олар адам құқығын қорғау, мүгедектерді және аз қамтамасыз етілген отбасыларды қолдау, кіші және орта кәсіпкерлікті дамыту, экология және табиғат, ұлтаралық келісім, білім және ғылым, денсаулық және тағы да басқа бағыттар бойынша тиісті шараларды атқаруда. 


Дархан Сатыбалды жеке қабылдау өткізді
«Тұран даласының күйлері» байқауы өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу