Төлеби ауданы: 125 отбасы баспаналы болады

Oinet.kz 25-07-2023 301

45.jpg

Елімізде 2021 жылы «Қуатты өңірлер ел дамуының драйвері Ұлттық жобасы қабылданған. Ұлттық жобаны іске асырудың мақсаты базалық қызметтерге халықтың тең қолжетімділігін қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық жағдайды жақсарту және тұрғын үй құрылысын дамыту, сондай-ақ көліктік байланысты қамтамасыз ету және елдің көліктік-транзиттік әлеуетін жоғарылату есебінен азаматтардың қолайлы өмір сүру ортасын құру болып табылады. Осы орайда Түркістан облысында ауқымды жобалар жүзеге асуда. 

Мәселен, Төлеби ауданында апатты жағдай алдында тұрған екі қабатты 8 үйдің тұрғындарына, яғни 125 отбасыға жаңа үйлер беріледі. 

Ескі үйлер 1935 жылдары пайдалануға берілген. Бүгінде үйлердің әбден тозығы жеткен. Осы орайда аудан әкімі Төлеген Тұртайұлының тапсырмасымен қысқа мерзімде жаңа үйлердің құрылысын құжаттандыру жұмыстары аяқталды. Бұл ретте, 156 пәтерлі бес қабатты 3 тұрғын үйдің құрылысын бастауға 2023 жылға облыстық бюджеттен қаржы бөлінген.

Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, бұл баспаналар облыс әкімдігі мен салалық басқармалардың қолдауымен Леңгір қаласының I мөлтек ауданына қарасты Қапал Батыр көшесінің бойынан салынбақ. Құрылыс жұмыстарына қатысты ауқымды жұмыстар 2024 жылы да жалғасады. Алдағы уақытта жаңа пәтерлерді иелеріне тапсыру жұмыстары ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес іске асырылады. Бұл жөнінде пәтер иелеріне түсіндірме жұмыстары жүргізілген.

Жаңа үйлер бюджет есебінен сыртқы инфрақұрылым жүйелерімен яғни ауыз су, кәріз жүйесі, электр желісі, табиғи газ, автономды жылытумен қамтылады. Жоба іске асқан жағдайда, пәтерлері апатты жағдай алдында тұрған 125 отбасы баспаналы болады.


Сауранда полиэтилен құбырлары шығарылмақ
Жетісай: Инвестицияның көлемі көбейіп келеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу