Сарыағашта 6 «Жайлы мектеп» салынады

Oinet.kz 25-07-2023 389

50.jpg

Түркістан облысы Сарыағаш ауданында биыл “Жайлы мектеп” пилоттық ұлттық жобасы аясында 6 мектептің құрылысы жоспарлануда. Бұл туралы Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Осыған орай, аудан әкімі Арман Абдуллаев «Samruk-Kazyna Construction» АҚ өкілдері М.Айманбетов,Е.Ахметов №2 А.Сүлейменов атындағы жалпы орта мектебінің ғимаратын бұзу жұмыстарының барысымен танысты.

Айта кетсек, аталған мектептің ғимараты апаттық жағдайда болуына байланысты бүгінгі таңда апатты ғимаратты бұзу жұмыстары жүргізілуде. Аталған мектеп «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы аясында 300 орындық мектеп ғимараты салынатын болады.

Қазіргі таңда,мердігер мекеме анықталып жобалау-сметалық сараптамалық құжаттамалары әзірленуде.

Құрылыс жұмыстарының басында болған аудан әкімі Арман Абдуллаев, «Samruk-Kazyna Construction» АҚ басқарма төрағасы М.Айманбетов тиісті бөлім басшымен, мердігер мекемеге 

мектеп ғимаратын бұзу жұмыстарын тездете отырып, жаңа мектепке арналған жерді құрылысты бастауға дайындауды тапсырды.


Тазалық- сүйіспеншіліктің көрінісі
Сарыағаш: Кәсіпкерлер грант арқылы цех ашты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу