Арыс: Жер қойнауын пайдаланушыларға ескерту жасалды

Oinet.kz 25-07-2023 358

57.jpg

Арыс қаласы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында жер қойнауын пайдаланушы мекеме, кәсіпорын басшыларының қатысуымен жиын өтті. Бұл туралы Арыс қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Қала әкімі Гүлжан Құрманбекованың төрағалығымен өткен жиынға қалалық мәслихат төрағасы Қайрат Ахметов, Арыс аудандық прокуроры мен аудандық көлік прокуроры және салаға жауапты облыстық басқармалар мен департамент өкілдері, қалалық Ардагерлер кеңесі мен. қала әкімі аппараты және елді мекен тұрғындары, БАҚ өкілдері қатысты

Жиынды ашқан Гүлжан Мамытқызы күн тәртібіндегі мәселелермен таныстырып, олардың шешу жолдарын талқылады.

«Ауыр жүк көліктеріне шамадан тыс құм арту салдарынан қала жолдарының бұзылуына негіз болуда. Одан бөлек, Отырар мен Талдықұдық ауылында тұратын азаматтар ауыр жүк көліктері көшені құмға көміп, шаңдатып кетеді деп шағымдануда. Бұл дұрыс емес. Ауыр жүк көліктері құм артқанда белгіленген нормадан асырмауы тиіс, және төбесі арнайы жамылғымен жабылуы керек» -деп, кәсіп иелеріне заңға сәйкес карьерлерде ауыр жүк көліктеріне арналған таразы болуы керектігін айтты. 

Сондай-ақ, шаһар басшысы Гүлжан Мамытқызы жер пайдаланушы кәсіпорындар Арыс қаласында құм өндірумен айналысқандықтан, кәсіп иелеріне Арыс қаласына салық төлеуші болып тіркелуі жөнінде ұсыныс енгізді. 

Одан бөлек, автомобиль жолдарын бұзудың алдын алу мақсатында, карьер басшылары өз қаражаты есебінен ауыр жүк көліктеріне арналған альтернативті жолға тас төсеп, сол жолдармен жүру бойынша ұсыныс айтты. Және кәсіпкерлік нысандар кәсіпорын айналасы мен елді мекен аумағын қоршап, абаттандыру, көгалдандыруға мән беруі керектігі айтылды. Және қолданыстағы заң талаптарын, келісімшарт және лицензия шартының сақталуын бұзған кәсіпорындарға облыстық құзырлы органдар тарапынан шара көрілетіні ескертілді.

Жиында облыстық басқарма басшыларының өкілдері, жиынға қатысқан кәсіпкерлер көтерілген мәселелерді талқылап, ұсыныстарын, өз ойларын ортаға салды. Жиында көтерілген мәселелер бойынша хаттама түзіліп, мәселелер кезең-кезеңімен шешу үшін бақылауға алынды.


Мақсат-өмір сүруге қолайлы жағдай жасау
Төлеби ауданы «AMANAT AQYLMAN» жеңімпазы атанды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу