Шардара: Мәдениет үйінің құрылысы аяқталуға жақын

Oinet.kz 26-07-2023 158

5.jpg 

Шардара ауданындағы Жаушықұм ауылдық округінде «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы аясында салынып жатқан мәдениет үйінің құрылысы аяқталуға жақын. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Нысан құрылысы мердігер мекеме «Өмірзақ» ЖШС тарапынан жүргізіліп, 2023 жылдың 31 қазанына дейін аяқтау жоспарланған. 200 орындықты мәдени нысанда түрлі үйірмелерге қатысуға арналған секциялар да қарастырылған.

Сонымен қатар, аудандағы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында биыл жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Ауданда 2023 жылы аудандық маңызы бар және ішкі жолдарды жөндеуге жергілікті бюджеттен жалпы ұзындығы 35,53 шақырымды құрайтын 57 көшеге тиісті қаржы бөлініп, тас төсеу және орта жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған болатын.

Қазіргі таңда асфальт жабынын төсеу жұмыстары Шардара қаласында және Көксу, Алатау батыр ауылдық округтерінде жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, Шардара қаласы мен ауылдық округтердегі 25 көшеге, тас төсеу мақсатында жергілікті бюджеттен қаржы қаралып, мемлекеттік сатып алу жұмыстары ұйымдастырылып жатыр. Қоссейіт елдімекеніне кіреберіс 1,6 шақырымдық аудандық маңыздағы жолға орта жөндеу жұмыстары жүргізіліп, аяқталуға жақын қалды.

Сонымен қатар, «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы аясында Жаушықұм, Қ.Тұрысбеков және Достық ауылдық округтеріндегі 17 көшеге асфальт жабыны төсеу жоспарланып, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

2023 жылға жолдарды күтіп ұстау жұмыстарына аудандық бюджет есебінен тиісті қаржы қаралып, Шардара қаласындағы 75 көшенің бұзылған жерлеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.


Шардараны тазарту басталды
Пошта қызметі автоматтандырылады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу