Шұбарсуда жаңа мектеп салынуда

Oinet.kz 27-07-2023 143

13.jpg 

Түркістан облысы Ордабасы ауданының әкімі Нұрбек Бадырақов Шұбарсу ауыл округіне барып, бірқатар нысанда атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Ең алдымен Шұбарсу ауылындағы Қ.Қалметов көшесінде 2000 орындық мектеп құрылысын бақылап көрді. Мердігер мекеме - "Игілік-Құрылыс 2030" ЖШС-і. Аталмыш нысанның құрылысы 2022 жылы басталған.

Нысан 2023 жылдың қыркүйек айында аяқталып, пайдалануға берілмек. Бүгінде мектеп құрылысының 80 пайызы аяқталған. Есік, терезелері орнатылып, ішкі қабырғалары сыланып, әрлеу жұмыстары жалғасып жатыр. Мердігердің айтуынша, мектепке қойылып жатқан есік-терезелер оның өз цехынан шығарылып жатыр.

Одан бөлек, аудан басшысы Найман-2 алабын табиғи газбен қамту бойынша 3 кезеңінің құрылыс жұмыстарымен және Жаңа-1 алабындағы ауыз сумен қамтудың 5 кезеңінің құрылыстарымен танысты. Қазіргі таңда Шұбарсу ауылын ауыз сумен қамту үшін су бастау аумағында су жинақтау резервуарының құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр.


Кәсібінен береке тапқан ана
Ұлттық ғылым академиясының делегациясы Түркістанда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу