Отырар: Жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүруде

Oinet.kz 03-08-2023 159

10.jpg 

Елімізде 2021 жылы «Қуатты өңірлер ел дамуының драйвері Ұлттық жобасы қабылданған. Ұлттық жобаны іске асырудың мақсаты базалық қызметтерге халықтың тең қолжетімділігін қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық жағдайды жақсарту және тұрғын үй құрылысын дамыту, сондай-ақ көліктік байланысты қамтамасыз ету және елдің көліктік-транзиттік әлеуетін жоғарылату есебінен азаматтардың қолайлы өмір сүру ортасын құру болып табылады.

Бүгінде ТҮркістан облысы  Отырар ауданында жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Биылғы жылы аудан көлемінде 39 көшеге орта жөндеу жұмыстары жүргізіледі деп жоспарланған. Жоспарға сәйкес, Шәуілдір ауылындағы А.Маханбетұлы, С.Өтебеков көшелеріне, Арыс ауылындағы П.Қалыбеков, Б.Қабылов, Ә.Смайлов көшелеріне, Темір ауылдындағы Н.Құлымбетов, Қарғалы елді мекеніндегі Қарғалы-2, Талапты елді мекеніндегі Ж.Смайлов көшелеріне асфальт төсеу жұмыстары жүргізілген.

Сондай-ақ, аудандағы Қарақоңыр ауыл округі Арыс елді мекеніндегі У.Ілиясов, Қ.Әбілқасымов көшелері мен Ш.Қалдаяқов ауылындағы «Отан» көшесіне орта жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ел игілігіне берілді. Бұдан бөлек, 2023 жылға республикалық бюджет есебінен «Ауыл - ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында 19,6 шақырым ішкі көшелерге және жергілікті бюджет қаржысы есебінен ұзындығы – 24,3 шақырым көшеге орта және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша,  жоғарыдағы жұмыстардың нәтижесінде қанағаттанарлық дәрежедегі жолдардың ұзындығы 305,4 шақырым құрайды деп күтілуде.


Жетісайда сапалы жолдың үлесі 70 пайызға жетеді
Сервистік тәсілдің тиімділігі талқыланды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу