Түлкібас: 12 елдімекеннің ішкі жолдары жөнделуде

Oinet.kz 07-08-2023 147

27.jpg 

«Қуатты өңірлер-ел дамуының драйвері» Ұлттық жобасының екінеші бағытында еліміздегі жол инфрақұрылымының мәселесін толығымен шешу көзделіп отыр. Осы мақсатта қолға алынған жобалардың нәтижесінде Түркістан облысы  Түлкібас ауданында ішкі жолдардың қанағатты жағдайы 84,3 пайызға жетпек. Өткен жылы бұл көрсеткіш 81 пайызды құраған болатын.

Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, осы жылы аудан аумағындағы 12 елдімекеннің 61 ішкі көшесі жөндеуден өткен. Атап айтқанда, Майтөбе және Азаттық елдімекендерінің 32 шақырымды құрайтын 48 көшесіне «Ауыл ел-бесігі» бағдарламасы шеңберінде жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда аудандық бюджет есебінен 10 елді мекеннің 13 көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Олар: Жаңаталап ауылы, С.Мұқанов көшесі, Қожамберді ауылы, Бастау және Битөре көшелері, Ынтымақ ауылы Желтоқсан көшесі, Т.Рысқұлов ауылы, Б.Момышұлы, Жүсіпбеков көшелері, Көкбұлақ ауылы, К.Көлбаев көшесі, Шақпақ баба ауылы, Асанбеков көшесі, Еңбекші ауылы, Анарбай көшесі, Рысқұл ауылы, Болашақ көшесі, Қоғалы ауылы, Сейфулин, Майлин көшелері.

Сондай ақ, бүгінгі таңда облыстық маңызы бар КХ-65 «Тастұмсық-Майтөбе-Түлкібас» автомобиль жолының 9,6 шақырымы орташа жөндеуден өтіп жатыр. Нысан биыл қазан айында аяқталып, пайдалануға беріледі деп күтілуде.


Келес: Кәсіпорында жылына 38 миллион қыш шығарылады
«Ауыл аманатына» талдау жүргізілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу