Сауран: Қоғамдық көлік мәселесі шешілді

Oinet.kz 16-08-2023 143

12.jpg 

Сауран ауданы құрылғалы тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелердің бірі - қоғамдық көлік мәселесі. Осы орайда аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаевтың тапсырмасына сәйкес қоғамдық көлік мәселесі оңтайлы шешіліп отыр. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Тарқата айтсақ, Шорнақ елді мекені мен Түркістан қаласы, «Түркістан - Жаңа Иқан» бағыттары бойынша қоғамдық көлік таңғы 07-00-ден кешкі 19-00-ге дейін қатынайды. Сонымен қатар, «Түркістан - Шорнақ» бағыты бойынша жаңа кестеге сәйкес 07-15 пен 19-25 аралығында, «Түркістан-Ескі Иқан» бағытымен 06-30 бен 19:10 аралығында қызмет көрсетеді.

Бұдан бөлек, Сауран ауданының орталығы Шорнақ елді мекенінің орталық көшесіне аялдамалар қойылып, қазақы нақыштағы оюлармен безендірілуде. Аялдамаларға ескі қалашықтың суреті бейнеленген. Безендіру жұмыстары демеушілер есебінен жүргізілген.

 


Түркістан облысында «Сұңқар» акциясы өтуде
Шаянда заманауи кітапхана ашылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу