Қазығұрттық шаруа жоңышқа тұқымын өндірумен айналысады

Oinet.kz 18-08-2023

15.jpg 

Отандық шаруалар ең көп өсіретін мал азықтық дақыл жоңышқа екені белгілі. Бүгінгі таңда күнгей өңірде жоңышқа егіп, мал азығына жаратып, сатумен де айналысатын шаруалар да аз емес. Сондай-ақ, жоңышқаның тұқымын орып, оны өндіріп табыс тауып отырған кәсіпкер-шаруалар да бар. Соның бірі Қазығұрт ауданы Жаңабазар ауыл округіндегі «Жаңабазар агро» ЖШС-ң төрағасы, кәсіпкер Серік Көкішев.

Аталған серіктестіктің 120 гектар егістік жері бар. 2016 жылы құрылған нысан бүгінгі таңда жоңышқа егумен және тұқымын өндірумен айналысып келеді. Өнім өндіру үшін арнайы «Педкус - 218», «Педкус - 290» секілді препараттары мен техникалары да бар. Кәсіпкердің айтуынша, күніне бес тоннаға жуық жоңышқа ұрығы тазаланып өңделіп, сатылымға шығарылады.

Айта кетсек, жоңышқа - бұршақ тұқымдасына жататын бір жылдық және көп жылдық шөптесін өсімдік. Бұл өсімдіктің Қазақстанда 18 түрі өседі.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі


Сауран: Ойықтағы ауыз су мәселесі шешіледі
Түркістан: Ұрпақ тәрбиесі дөңгелек үстел басында талқыланды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу