Бәйдібек ауданы: Оқу құралдары төмен бағада ұсынылды

Oinet.kz 19-08-2023

24.jpg 

Түркістан облысы  Бәйдібек ауданында «Мектепке жол» акциясы өтті. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

 Аудан орталығындағы «Балалар» аллеясы алдында таңда басталған жәрмеңкеге келген аудан тұрғындарының қарасы көп. Мұнда аудан кәсіпкерлерімен қатар, өңірдегі басқа аудан, қалалардан бірнеше кәсіпкер келіп мектеп формалары мен қалам, дәптер, сызғыш және де басқа оқу құралдарын жеңілдікпен, базар нарқынан төмен бағада ұсынды.

Шараға арнайы қатысқан Бәйдібек ауданы әкімінің орынбасары Берік Тұрлыбеков жәрмеңкені аралап көрді. Аталған жәрмеңке жаңа оқу жылы қарсаңында ата-аналарға жеңілдік есебінде өзге қалаларға бармай-ақ, балаларына қажетті мектеп құралдарын бір жерден әрі төмен бағамен алу мақсатында ұйымдастырылып отырғандығын атап өтті.

Жаңа оқу жылы қарсаңында жәрмеңкеде мектепке қажетті құралдар мен формаларды төмен бағада жеңілдікпен сатуды ұйымдастырушыларға аудан тұрғындары ризашылығын білдірді. Аталған шарада аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары тұрғындарға арнайы дайындаған концерттік бағдарлама ұсынып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.


Жылыжайлардың 53 пайызы Сарыағашта орналасқан
Тамыз кеңесі 24-25 тамызда өтеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу