Түркістан: Оқушылар оқулықпен 100 пайыз қамтылады

Oinet.kz 23-08-2023

39.jpg 

Жаңа оқу жылына дайындықтың негізі - білім беру ұйымдарын оқулықтармен қамту. Осы орайдаТүркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы тарапынан орта білім беру мекемелерін оқулықпен қамту мақсатында 13 баспамен келісім шарт жасалған. Нәтижесінде аудан, қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімдерінің сұранысы негізінде 1 191 526 оқулыққа өтініш берілді. Жалпы 2023-2024 оқу жылына 213 915 оқулық жаңартылмақ. Оның ішінде 1-2-сыныптарға арналған «Цифрлық сауаттылық» пәнінен электронды оқулықтар мен Оқу-әдістемелік кешендері және «Бейнелеу өнері» пәні бойынша мұғалімге арналған электронды форматтағы әдістемелік нұсқаулықтар бар. Сондай-ақ, 1-2-сыныптарға арналған «Еңбекке баулу» пәні бойынша мұғалімге арналған электронды форматтағы әдістемелік нұсқаулықтар мен 2-сыныпқа арналған «Орыс тілі» оқулықтары мен Оқу-әдістемелік кешендері жаңарады.

Айта кетсек, 2023-2024 оқу жылында оқушылар оқулықпен 100% қамтамасыз етіледі.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі


Түркістан: Сауықтыру лагерімен 200 мыңнан астам бала қамтылды
Түркістан: Биыл 187 канал тазаланады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу