Жетісай: Қысқа дайындық пысықталды

Oinet.kz 23-08-2023 430

41.jpg 

Түркістан облысы Жетісай ауданы әкімінің орынбасары Марат Айнабеков 2023 – 2024 жылғы жылыту маусымына дайындық жұмыстарын үйлестіру мақсатында құрылған Жетісай аудандық штабының отрысын өткізді. Бұл туралы жетісай ауданы

Аудан әкімінің орынбасары өз сөзінде қазіргі уақытта аудандағы мектептер мен мәдениет ошақтарындағы қажетті көмір көлемін сатып алу деңгейі төмен болып отырғанын атап өтті. Осы ретте көмір отынымен қамтамасыз ету шараларын тездету керектігін жеткізді

«Жылдағы жағдай бойынша күз-қыс айларында көмірге қажеттілік күрт өсуінің әсерінен делдардар тарапынан бағаны спекулиятивті түрде көтеріп жіберу қауіптері туындайды. Бұл ауданда көмір тапшылығына әкеліп соғуы әбден мүмкін. Сондықтан, қысқы жылыту маусымына дайындық жұмыстарын алдын ала аяқтауымыз керек. Алдағы қыста былтырғыдай 10 күндік аяз болады деген болжам бар» деді.

Штаб төрағасының мәліметінше аудандағы 73 жалпы орта мектептің 9-ы қалада орналасқан. Кенттер мен ауылдық округтердегі 64 білім ошағының 54-нің жылу жүйелері мен қазандықтарында сәуір айында ақаулар анықталғанымен әлі күнге дейін жойылмаған. Оларға қажетті 6650 тонна көмір де жеткізілмеген. Одан бөлек, аудандағы 32 мәдениет ошағының 14-і де қыстық отынын алмаған.

Жиын соңында Марат Фаритұлы тамыз айының соңына дейін қажетті қатты отын көлемін толықтай алуды, көмір сақтау қоймаларының техникалық және өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды тапсырды.

Сонымен қатар, жылу жүйесінде кемшіліктері бар салаларға қазан айының бірінші жартысында қысқы маусымға толық дайын болу керектігін ескертті.


Түркістан: Биыл 187 канал тазаланады
Мәжілісмендер кеден бекеттерінің жұмысымен танысты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу