Балық жемінің 30 пайызы субсидияланады

Oinet.kz 23-08-2023

45.jpg 

Түркістан облысы әкімінің тапсырмасына сәйкес, өңірде «Балық шаруашылығын дамытудың өңірлік бағдарламасы» бекітілген болатын. Бүгінде балық шаруашылығымен айналысушыларға мемлекет тарапынан тиісті жеңілдіктер, субсидиялар беріліп отыр. Осы орайда өңір басшысы Дархан Сатыбалды аудандағы Ақтөбе ауылдық округі, Кеңдала елді мекенінде орналасқан «Көшім» шаруа қожалығының балық өсіру және балық етін өңдеу цехының жұмысымен танысты. Бұл туралы Келес ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Шаруа қожалық 2016 жылдан бері жұмыс істейді. Бүгінде қожалықта балық өсіру және балық етін өндіру қызметтері жүзеге асып жатыр. Бүгінде 19 гектар жерде 13 тоғанды көл бар. Мұнда балықтың сазан, ақ амур және тағы да басқа түрлері бар. Қазіргі таңда цехта 10 адам жұмыс істейді. Алдағы уақытта тағы 20 адам тұрақты жұмыспен қамтуды көздеп отыр. Жалпы балыққа берілетін жемнің 30 пайызы мемлекет тарапынан субсидияланады.

Қазіргі таңда Келес ауданында 4 ірі шаруашылық балық шаруашылығымен айналысады. Өңір басшысы Дархан Сатыбалды. Ақтөбе ауылдық округі, Лесбек батыр елді мекені «Тамсан-БТА» АШӨК балық өсіру жұмысымен танысты. Мұнда тек балық өсіріп қана қоймай, балық етін өңдеп отыр. «Ауыл аманаты» бойынша 38 адам бірігіп, кәсібін ұлғайтпақ.

Айта кетейік, бүгінде облыста жоспарға сәйкес, жаңадан 28 тоғанды балық шаруашылығы, оның ішінде 4 кәсіпкер үйіргелік аулада ашылып, жұмыстар жалғасып жатыр. Жалпы өңірде қуаттылығы жылына 15 мың тоннаға жететін 7 балық өңдеу зауыты жұмыс істейді.

 

 


Келесте арна түзету жұмыстары жүргізіледі
Түркістан облысында мәдениет саласында жаңа 100 штат ашылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу