Үкімет отставкіге кете ме?

Oinet.kz 31-08-2023 453

Untitled.jpg 

Ертең, 1 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды.

Жиынға Мәжіліс және Сенат депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, Ұлттық құрылтай, Адам құқықтары жөніндегі комиссия, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшелері, қоғам мен еңбек ұжымдарының өкілдері қатысады.

Президенттің Жолдауы қарсаңында ақпарат құралдарында үкіметтің отставкіге кететіні туралы әңгіме өршіп тұр. Тіпті кейбіреулер болашақ премьердің кім болатынына да болжам жасап жатыр. Мұның қаншалықты шындыққа жанасатыны ертең белгілі болады.  

 


«Samruk-Kazyna Trust» АҚ қайырымдылық қызметі аясында түркістандық 150 бала оңалтудан өтеді
Мемлекет басшысы: Әр облыс орталығында креативті индустрия орталығы болу керек
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу