Ауыл шаруашылығының дамуына үлес қосып отыр

Oinet.kz 13-07-2025 20

Түркістан облысы, Сайрам ауданының Манкент ауылында орналасқан «Ет Агро‑Манкент» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі – өңір экономикасының өркендеуіне өзіндік үлесін қосып отырған кәсіпорындардың бірі. 

Screenshot_7.jpg

Жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтып қана қоймай, сапалы әрі халал талаптарына сай өнім өндіру арқылы ауданның агроөнеркәсіптік әлеуетін арттырып келеді.

Қазіргі таңда кооператив құрамындағы мал сою алаңы (скотобойня) толықтай заманауи құралдармен жабдықталған. Бұл кәсіпорында халыққа санитарлық талаптарға сай қызмет көрсетіліп, өңделген ет өнімдері нарыққа шығарылуда. Мұнда шығарылатын өнімдердің сапасы мен тазалығы арнайы сертификаттармен расталған. Атап айтқанда, кәсіпорын 2024 жылы «Халал Даму» сертификатына ие болып, өнімінің адалдығы мен сапасын ресми түрде дәлелдеді.

Бүгінде «Ет Агро‑Манкент» АШӨК тек өнім өндірумен ғана шектелмей, кәсіби мамандар даярлау ісіне де атсалысып отыр. Түркістан жоғары көпсалалы аграрлық колледжімен бірлесе отырып, дуальды білім беру жүйесі аясында жастарға тәжірибе жинақтауға мүмкіндік беруде. Бұл өз кезегінде жас мамандардың ауыл шаруашылығы саласында кәсіби қалыптасуына жол ашуда.

Манкент ауылындағы кәсіпорынның басты мақсаты – сапалы өнім шығара отырып, халықтың тұтынушылық сұранысын қамтамасыз ету және аудан экономикасының аграрлық секторын дамытуға үлес қосу. Алдағы уақытта кооператив өндіріс көлемін арттыруды және жаңа жұмыс орындарын ашуды көздеп отыр. 

С.Абылбекова

Ауыл экономикасының тірегі – «Навруз‑21»
Қарабұлақ – еңбекқорлықтың мекені
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу