Полицейлер автокөліктен марихуана тәркіледі

Oinet.kz 12-03-2020 612

марихуана.jpg

Түркістан облысының полицейлері «ВАЗ» автокөлігінен кептірілген марихуана тәркіледі. Бұл туралы RGMEDIA.KZ ақпарат агенттігі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады. 

Ағымдағы жылдың 6 наурызында Түркістан қаласы полиция басқармасының криминалдық полиция қызметкерлері Арыс-Түркістан тас жолында Отырар ауданы тұрғынының басқаруындағы «ВАЗ» маркалы автокөлігін тоқтатқан. Тінту кезінде автокөлік салонынан жедел уәкілдер есірткісі бар полиэтилен пакеттерін тауып, тәркіледі. Сараптама қорытындысы бойынша, тәркіленген есірткі затының салмағы шамамен 60 грамм болатын «кептірілген марихуана» болып шықты. 

Аталған жайт СДТТБТ-ға ҚР ҚК-нің 296-бабы «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекурсорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша тіркелді. Күдікті полиция бөліміне жеткізілді. Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері есірткі заттарын сақтау мен өткізу үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салады. Тәртіп сақшылары азаматтарға зиянды әдеттерден бас тартып, әрдайым спортпен шұғылдануды және салауатты өмір салтын ұстануды ұсынады.

Төтенше жағдай тәртібін бұзғандар сотталып жатыр
Есірткі сатып ұсталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу