Жалған ақпарат таратқандар жазаға тартылды

Oinet.kz 20-03-2020 653

жалганшылар.jpg

Түркістан қаласында коронавирусты отбасымен түгел жұқтырды деп жалған ақпарат таратқандар жазаланды. Бұл туралы RGMEDIA.KZ ақпарат агенттігі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады. 

Түркістан қаласының ПД-не жергілікті тұрғын арызданып, белгісіз тұлғалар "Ватцап" мессенджері арқылы оның отбасымен коронавирусты жұқтырғаны туралы жалған ақпарат таратып жібергенін көрсетті. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 274-бабы "Көрінеу жалған ақпарат тарату" бойынша СДТТБТ-ға тіркелді.

Тексеру кезінде жәбірленуші отбасымен бірге Еуропада саяхат жасағанын хабарлады. Ал, Алматы қаласына келген соң, әйел мен оның отбасын дәрігерлер толық тексеруден өткізіп қарап шығып, карантинге жатқызуға еш негіз болмаған. Үйге келгеннен кейін де, Түркістан қалалық емханасы дәрігерлері мен СЭС қызметкерлері бұл отбасымен байланыс орнатып тексереді. Бірақ күні бүгінге дейін аурудың белгілері және басқа да ауру түрлері анықталмаған.

Қазіргі уақытта жәбірленуші мен оның отбасы мүшелері бақылаудан алынды.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері жалған ақпарат таратушы Түркістан қаласының үш тұрғынын ұстады. Күдіктілер өз әрекеттерін толық мойындап, өкінетіндіктерін жеткізді. Олар бұл хабарды туыстары мен жақындарын ескерту үшін таратқанын түсіндірді. Осы жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлер істің толық мән-жайын анықтауда.



Төтенше жағдай тәртібін бұзған кафеге айыппұл салынды
Полицейлер оқушыларға тергеу изоляторын аралатып көрсетті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу