Иманбек АҚШ-та концерт береді

Oinet.kz 19-02-2022 1112

fit_795_547_false_crop_3000_1687_0_230_q90_775741_561b3bc2bd04f7a631189fc8e.jpeg

"Грэмми" сыйлығының иегері, диджей Иманбек Зейкенов АҚШ-та концерт береді. Ән кеші 20 мамырға жоспарланып отыр.

Иманбек ұсынған шоу Колорадодағы Temple Denver алаңында өтеді.

Айта кетейік, аталған алаңда өтетін концерттің әр билетінен 1 доллардан музыка сүюшілердің қауымдастығына қайырымдылық ретінде аударылады. Аталған қауымдастық музыканың, сөйлесу мен махаббаттың, өздігінен білім алудың көмегімен адамдардың психикалық саулығын сақтап, суицидтердің алдын алады.

Айта кетейік, Иманбек Зейкенов Roses ремиксі арқылы әлемге танылды. Ол аталған трегі үшін Қазақстаннан бірінші болып "Грэмми" сыйлығын иеленді. 


Қанат Мусин түрме жүйесін әділет министрлігіне қайтару керектігін айтты
Атыраулық оқушы анасының үстінен шағым түсірді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу