Әйел - освежитель: Әйелін адамға санамайтын қоғам қалай дамиды екен, ә?

Oinet.kz 11-06-2022 1304

Әйел - "освежитель"!

Гендерлік саясатты ұстанатын демократиялық республикамызда әйел құқығы қалай бағаланып жүр? Әйелдің гендерлік рөлі "демократиялы қоғамның" сипатына сай ма?

Screenshot_6.jpg

Ел алдында жүрген үлкен аудиторияға ие азаматтарымыз әйелді әр затқа теңеп әлек! Осыдан бірнеше жылдар бұрын қоғам Омар Жәлел мырзадан "қыз бала - тауар, маркер" деген сөзді естіп еді. Енді уақыт өте әйел "үйдің ауа-райын жақсартып тұратын освежительге" айналып кетті. Бұл туралы актер Жахан Отарғалиев өз сұхбатында айтып, "Әйел еркектен қорқуы керек!" деген пікірін қосты. Иә, әркім әйелге өз білгенінше айдар тағып әлек. 2009 жылы "Ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы" заң қабылданды. Және 2016 жылы "Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы" жарияланды. Бірақ әлі де тиісті нәтиже жоқ!

Бүгінде гендерлік теңдік мәселесі біздің қоғам үшін актуалды проблема. Интернет әлемі қоғамның айнасы іспеттес. Ашып қарасаң болғаны, жан түршігерлік фактілерге толы. 

Соңғы кезде әлеуметтік желілерде әйелдерге бағытталған "зорлық-зомбылық" сипаттағы бейне материалдар жиі тарап жүр. Қоғамның қызу талқылауына ұшырайтын "қылмыскер" мен әйел-жәбірленушінің арасынан, интернет қолданушылары көбіне кінәлі ретінде жәбірленушіні таңдап алады. Яғни, біздің қоғам өзі мойындамаса да "бәріне әйел кінәлі" деген идеяның жақтаушылары. 

Дін өкілдері жиі айтатын "Әйел еркектен бір саты төмен!" сөзі қаншалықты гендерлік саясат туралы заңға сәйкес? Аталған заң қаншалықты іске асуда? 

Бір сөзбен айтқанда бұл шетке ысырылған тақырып. Әйелін адамға санамайтын қоғам қалай дамиды екен, ә?

Маржан Әбләзімова

Журналисттің өлімі. «Серік Голова» қылмысын 14 жылдан кейін мойындады
Полицейлер бассейнге барған әйелдің ұялы телефонын ұрлаған жас қызды ұстады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу