Түлкібас ауданы әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту жөніндегі бөлімі

Oinet.kz 18-06-2023 428

ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті (әрі қарай-Департамент) тарапынан Түлкібас ауданы әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту жөніндегі бөлімінің "Аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнымен  2023 жылдың ақпан айында https:/www.goszakup.gov.kz/ веб-порталына тікелей шарт тұжырымы бір дерекөздерден тәсілімен жарияланған №58430301 «Баспасөз басылымы» мемлекеттік сатып алудың техникалық ерекшеліктерінде әлеуетті өнім берушілерге қойылған талаптарға ақпаратты жинау, қорыту, талдау, жүйелеу және бағалау негізінде осы мемлекеттік сатып алуға камералдық бақылау жұмыстары жүргізілген.

Камералдық бақылау нәтижесі бойынша Түлкібас ауданы әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту жөніндегі бөлімінің "Аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ҚР 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 39 бабы 3 тармағы 25-тармақшасының талаптары сақталмағаны анықталған.  

Жоғарыдағы анықталған бұзушылықтардың негізінде, Түлкібас ауданы әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту жөніндегі бөлімінің "Аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңнамаларының талаптарына сәйкестендіру туралы хабарлама жолданып, бүгінгі таңда ұйымдастырушы тарапынан Департаментің жолданған хабарламасы толықтай және тиісті дәрежеде орындалған.

Түркістан облысы облысы бойынша 

Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің 

жетекші маманы  Б.Бегімбетов

"Темірлан абаттандыру" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу