Тұрар Рысқұлов музейіне ұлттық нақыштағы бұйым тарту етілді

Oinet.kz 18-05-2021 492

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Ұлы даланың жеті қыры" атты бағдарламалық мақаласында: "Өз тарихына деген мақтаныш сезімін ұялатып, отаншылдық тәрбие беру мектеп қабырғасынан басталуға тиіс. Сондықтан мектептер мен барлық өңірлердегі өлкетану музейлерінің жанынан тарихи-археологиялық қозғалыстар құру маңызды. Ұлт тарихын санаға сіңіру барша қазақстандықтардың бойында өз бастауларына деген ортақтық сезімін қалыптастырады" - деп атап, ұлт тарихына, ұлт тарихының қалыптасуына ықпалын тигізген зиялыларға деген құрметті арттыру керектігін ескертті. 

image.png

Осы негізде, Түлкібас ауданындағы Тұрар Рысқұлов музейінде Халықаралық музейлер күніне орай іс-шара өтті. Аудан әкімдігінің ұйықты болуымен өткен шараға аудандық мәдениет және тілдерді дамыту, адами әлеуметті дамыту бөлімі мен облыстық Қазақстан Халқы Ассамблеясының «Қоғамдық келісім кеңес» мекемесі филиалының басшысы және музей ұжымы мен ардагерлері қатысты. 

Жиынға келушілер музей ұжымы мен ардагерлерін Халықаралық музейлер күнімен құттықтап, қолөнер шеберлері әзірлеген ұлттық нақыштағы бұйымдарын сыйға тартты. Іс-шара соңы концерттік бағдарламаға ұласып, әсем ән мен тәтті күй, мың бұралған би музей қызметкерлеріне ерекше көңіл-күй сыйлады.  

image.png

 

Мәдениетті әрі сауатты орта қалыптастыру бүгінгінің талабы
Елбасы Қазақ хандығына арналған мемориалдық кешенге «Ұлы Дала бірлігі» капсуласын салды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу