Елбасы «Яссы» ботаникалық бағының даму жоспарымен танысты

Oinet.kz 12-05-2021 503

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты мақаласында: "Қазақстанның қасиетті жерлерінің мәдени-географиялық белдеуі – неше ғасыр өтсе де бізді кез келген рухани жұтаңдықтан сақтап, аман алып шығатын символдық қалқанымыз әрі ұлттық мақтанышымыздың қайнар бұлағы" - деп, еліміздің қасиетті жерлерін жұтаңдықтан сақтап, оларға құрметпен қарау басты міндет екенін ескертті. 

Яссы ботаникалық бағы.jpg

Осы орайда, еліміздің рухани астанасы саналатын Түркістан шаһарындағы "Яссы" ботаникалық бағын атап өткеніміз жөн. Елбасы Түркістанға жасаған сапары барысында "Яссы" ботаникалық бағына арнайы ат басын бұрды. Жұмыс сапары барысында аталмыш жобаның алдағы уақыттағы даму жоспарымен танысты. 

"Яссы" ботаникалық бағының жалпы ауданы 7,7 гектарды құрайды. Бақтың орталық бөлігі аршадан жасалған ислам ою-өрнектері бейнесіндегі үлкен лабиринт және раушан гүлдерімен безендірілген. Сондай-ақ, раушан гүлдерден ислам патерндеріне ұқсас арнайы гүлзарлар жасалған. Саябақ ішіне мыңға жуық ағаш отырғызылған. 800-ден астамы шие, алма, талшын, долана, қызғалдақ ағашы. "Яссы" ботаникалық бағының жалпы жобасының, жұмыс барысына қанық болған Елбасы әрмен қарай «Күлтөбе қалашығы» археологиялық саябағын құру жоспарымен танысты. 

Елбасы Қазақ хандығына арналған мемориалдық кешенге «Ұлы Дала бірлігі» капсуласын салды
Елбасы интерактивті "Этноауылды" аралады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу