Елбасы «Керуен-Сарай» таңғажайып қалашығын аралады

Oinet.kz 12-05-2021 979

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түр­кіс­тан қаласының 1500 жылдығына арналған ғылыми конференция­да жасаған баяндамасында: «Түркістанды облыс орталығы жасаймыз. Бұл той – Түркістанды орталыққа айналдырудың басы» - деп атап, Түркістанның танымастай өзгеретінін айтқан болатын. 

image.png

Міне, Түркістан облыс болғалы үш жыл ішінде ажарлана түсті. Оң өзгерістер орын алып, қаланың даму деңгейі біршама өсті. Туристерді тартатын үлкен кешендер ашылды. Соның бір көрінісі, «Керуен-Сарай» көпфункциялы туристік кешені. 

Бүгінде, Түркістанның көркін ашқан кешенлі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапары барысында аралады. 

Аталмыш кешен Түркістан шаһарындағы таңғажайып нысандардың бірі. Қазақстандық Венеция.Жалпы ауданы 117,6 мың шаршы метрді алып жатқан керемет қалашықта «Жібек жолы» дәуірінен сыр шертетін саудагерлер мен қолөнершілер көшесі, «Ұшатын театр», ат ойындарын өткізетін амфитеатр, шығыс базары, сауда сөрелері мен бутиктер, қонақүйлер мен мейрамханалар, SPA және фитнес орталық, отбасылық ойын-сауық орталығы бар. Келген туристер мен қонақтар кешен ішін қайықпен аралай алады. 

Тұңғыш Президен "Керуен-Сарай" көпфункциялы туристік кешенін аралау барысында «Алтын Самұрық» ұшатын театрына барып, театрландырылған судағы шоуды тамашалады. Сонымен қатар, Елбасының келуіне орай «Қыз қуу» театрландырылған қойылымы сахналанды. 

Елбасы озық технологиямен жабдықталған көпфункциялы білім беру кешенін аралады
Көне жәдігер VІ-VII ғасырларға тән ат әбзелдері көрмеге қойылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу